Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Cтуденттік театрдың жаңа қойылымы көрсетілді

Cтуденттік театрдың жаңа қойылымы көрсетілді

Әлеумет 30.11.2023, 06:29 983
Cтуденттік театрдың жаңа қойылымы көрсетілді
Сурет: Абай университеті

Қойылым сыбайлас жемқорлық мәселесіне және оның қоғамға әсеріне назар аударуға арналған.


2023 жылдың 28 қарашасында 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Абай университетінің «Үркер» студенттік театрының «Алма!» жаңа қойылымы көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев, университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Сабыр Түменбаев, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен студенттері қатысты.



Идеяның авторы мен қойылым режиссерлері Филология институтының 2 курс студенттері Мұхтаров Ермахан мен Қарабала Данияр. Театр қойылымы сыбайлас жемқорлық мәселесін қозғап, оның тұлғааралық қарым-қатынасқа, әлеуметтік әділеттілікке және негізгі моральдық құндылықтарға тигізетін әсерін ашып көрсетіп, көрермендерге осы әлеуметтік құбылысқа жаңа көзқарас пен түсінік берді.



Іс-шара барысында Болат Тілеп шараның маңыздылығына тоқталып, студенттік театрдың қатысушыларына тамаша қойылымдары үшін шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ ол студенттердің қоғам алдындағы жауапкершілігін түсініп қана қоймай, университет қабырғасында адалдық, парасаттылық, имандылық сияқты әлеуметтік құндылықтарды қалыптастырып жатқанын жеткізді. Ректор бұл іс-шара студенттердің кәсіби дағдыларын ғана емес, олардың қоғамдағы жауапкершілігін және саналы азаматтың рөлін арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті.


Іс-шара соңында Арман Рахимов университет ректорына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметкеріне, сондай-ақ «Үркер» студенттік театрына алғыс хаттар табыс етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#университет #театр #Жемқорлық #Қойылым #Күрес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.