AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Covid-19: әлемдік жағдай

Covid-19: әлемдік жағдай

Әлем 23.12.2021, 06:26 1,279
Covid-19: әлемдік жағдай
Сурет: Gazeta.ru

Қазақстанда эпидахуал біршама тұрақтанғандай, еліміз «қызыл» аймақтан түгелімен шықты. Ал ковидтік жағдайдағы әлемнің ахуалы қандай?


Еуропалық Одақ елдерінің үкіметтері «омикрон» штамының тез таралуына байланысты шектеу шараларын енгізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.


Африканың ең тығыз қоныстанған елінің бірі - Нигерия билігі covid-19 ауруының төртінші толқынын жариялады және аурудың өсуін «дельта» және «омикрон» штамдарының таралуымен байланыстырды. Ауруларды бақылау орталығының басшысы Ифедайо Адетифаның мәлімдемесінде айтылғандай, соңғы екі аптада аурудың айтарлықтай өсуі байқалды-шамамен 500 %. Нигерияның 36 штаты мен федералды астаналық округінде 223 887 жаңа жағдай және 2 985 өлім деректері тіркелді. Қазір ел Үкіметі КВИ-ға қарсы күресте күш-жігерді және халықты вакцинация туралы хабардар ету, сондай-ақ вирустың таралуын азайту үшін қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі жұмысты жандандыруда.


Еуропалық Одақ елдерінің үкіметтері «омикрон» штамының тез таралуына байланысты шектеу шараларын енгізуде. Ең маңызды статистика Ұлыбританияда, атап айтқанда, астанасы Лондонда байқалады – күніне шамамен 25 мың инфекция жұқтыру деректері анықталуда. Ұлыбритания астанасының мэрі Садық Хан қалада төтенше жағдай режимін енгізді. Осы уақытта Франция мен Германия британдықтардың өз мемлекеттеріне кіруіне тыйым салды, ал Нидерланды олар үшін міндетті он күндік карантин енгізді. Бүгінгі таңда Ұлыбритания азаматтары үшін 40-тан астам ел жабылды.


АҚШ-та «омикрон» штамын жұқтырғандардың саны екі күн сайын еселеп артуда. АҚШ Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаукидің айтуынша, «омикрон» штамын жұқтыру саны бір аптада 8-10%-дан 73% - ға дейін өсті.


Германия тұрғындарына пандемияға байланысты қарым-қатынасты мүмкіндігінше шектеу ұсынылды. 28 желтоқсаннан бастап жеке кездесулерге ең көп дегенде 10 адам қатыса алады деп күтілуде. Вакцинацияланбаған адамдар тек бірге тұратын адамдармен араласа алады. Сонымен қатар түнгі клубтар мен дискотекалар жабылады деп күтілуде.


Таиланд Пхукеттен басқа саяхаттауға болатын барлық провинцияны шетелдік туристер үшін уақытша жауып тастады. Ел билігі барлық келушілер үшін міндетті карантин енгізуді қайта қарастыруда.


ҰХЛ ойын маусымын уақытша тоқтату туралы жариялады. Лигада мұндай шешім коронавирусты жұқтырған ойыншылар мен клуб қызметкерлері санының күрт өсуі және 50-ге жуық тұрақты чемпионат ойындарын мәжбүрлеп көшіру аясында қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ковид #Әлем #эпидахуал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);