AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Чипсы әлде попкорн: қайсысы зияндырақ?

Чипсы әлде попкорн: қайсысы зияндырақ?

Керек кеңес 16.07.2023, 11:55 1,894
Чипсы әлде попкорн: қайсысы зияндырақ?
Сурет: Primpress.ru

Қытырлақ картоп (чипсы) та, поппкорн да - тез дайындалатын тіске басарлар.


Әсіресе балалар қауымы бұл тағамдардан бас тартпайтыны анық. Осы екеуінің айырмашылығы мен ағзаға тигізер зияны жайлы Almaty-akshamy.kz Ernur.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Айырмашылығы мен дайындау ерекшелігі


Попкорн жүгерінің арнайы сұрыптарынан дайындалады. Дәндер белгілі бір температурада қызған соң жарылады. Негізінен дайын попкорнға тұз, қант және дәм беру үшін өзге де қоспалар салынады. Жүгері дәні құрылымы мен құрамы ерекше. Ол ішінде тамшы суы бар крахмалдан тұрады. Қызған кезде су буға айналып, қысым көбейгеннен дән жарылып, үлкейеді. Сондықтан да оны көбіне ыстық майда арнайы ыдыста немесе қазанға салып дайындайды. Ал чипсы негізінен картоптан дайындалады. Кейбір өндірушілер өзге де өнімдерден жасап көруде. Сондай-ақ қазір чипсы дайындауда бидай немесе жүгері ұнын пайдаланады, ыстық майға қуырылады.


Чипсы: ағзаға тигізер зияны


Чипсы ағза үшін зиянды саналады. Оны көп мөлшерде жеуге болмайды. Әсіресе картоптан емес синтетикалық қоспадан дайындалған оның зияны ерекше. Шектен тыс тұтыну (күніне 1 қалатаның өзі көп болып саналады) төмендегідей жағдайға алып келуі мүмкін: Асқазан ауруы. Ең алдымен асқазанда қыжыл пайда болады, ары қарай гастритке ұласады. Жоғары калорияның әсерінен салмақтың артуы орын алады. Зат алмасудың бұзылуы. Бұл чипсы құрамындағы тұздың көптігінен орын алады. Канцерогенді заттардың болуы онкологиялық аурудың дамуына алып келеді. Канцероген майды жоғары температурада қыздырған кезде түзіледі. Сүйектердің әлсізденуі және жүрек-қан тамыры аурулары. Бұл чипсы құрамында натрий хлоридтің көп болуынан орын алады. Иммунды жүйенің әлсіреуі. Бауыр мен бүйрек жұмысының бұзылысы. Ер азаматтарда жыныстық міндеттің төмендеуі. Әйелдерде сүт безі ісігінің дамуы. Қандағы жаман холестериннің жоғарылауы. Көздің көруі нашарлайды. Құрсақтағы балаға кері әсері. Попкорнның зияны Попкорн қауіпсіз азықтардың біріне жатады.


Алайда оның да ағзаға тигізер зиянды жақтары бар. Егер попкорн тұзды болса онда оның зияны чипсымен бірдей деңгейде. Тіс эмалді қабатын бұзады. Сондай-ақ қызыл иектің бүлінуіне алып келеді. Тәтті попкорнды жиі жеу артық салмақ қостырады. Майға қуырылған попкорн ісіктің түзілуіне алып келуі мүмкін. Ал пешке салып, майсыз дайындалған жүгері зиянсыз. Қант диабеті мен бауыр ауруын өршітеді. Аурудың өршуі көміртегі мен май, қанттың көптігінен және түрлі дәм қоспалардың болуынан орын алады. Үзбей жеген жағдайда асқазан ауруына ұшыратады. Әсіресе балалар үшін қауіпті. Қайсысының зияны басым?


Зерттеулерге қарағанда чипсы попкорннан әлдеқайда қауіпті. Әсіресе нағыз картоптан жасалғандары. Мұндай чипсы ең алдымен асқазан-ішек жұмысын бұзады және ісіктің пайда болуына әсер етеді. Попкорнның зияны аздау болғанымен, майға қуырылғанда оның да денсаулыққатигізер кері әсері ұлғая түседі. Барлық талаптары қатаң сақталса да екі өнімді де шектен тыс пайдалану ағза үшін зиянды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#чипсы #попкорн #зияны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);