AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Чемпиондар Лигасы Алматыға қанша табыс әкеледі?

Чемпиондар Лигасы Алматыға қанша табыс әкеледі?

Барлығы 28.08.2025, 15:30 561 yakiya
Чемпиондар Лигасы Алматыға қанша табыс әкеледі?
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Алматылық “Қайрат” футбол клубы алғаш рет тарихында УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты.

Бұл жетістіктің қалаға туристік әсерін есептеген мамандардың болжамынша, клубтың еуропалық турниріндегі өз алаңында өткізетін төрт ойынына алдын ала есеп бойынша төрт мыңнан астам шетелдік қонақ келеді. Орташа есеппен әрқайсысы шамамен 1400 доллар (754 мың теңге) қаражатты қонақ үй, көлік, тамақ пен демалысқа жұмсайды. Нәтижесінде экономикалық үлес шамамен 3 млрд теңгеге бағаланады.

УЕФА ережесіне сәйкес, қонақ жанкүйерлерге стадиондағы орындардың 5%-ы беріледі. Алматыда әр ойынға орта есеппен мыңға жуық шетелдік жанкүйер күтіледі. Бұдан бөлек, “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы матчтарын 200-ден астам елде жүздеген миллион көрермен тамашалайды.

Бүгін, 28 тамыз күні, “Қайрат” топтық кезеңдегі қарсыластарын анықтайды. Жеребе сағат 21:00-де (Астана уақытымен) басталады.

Айта кетейік, биыл Чемпиондар лигасы жаңа жүйе бойынша өтеді, дәстүрлі топтар орнына 36 команданың бірыңғай кестесі жасалды. 

“Қайрат” төртінші себетке түсті және топ-2 клубтарымен ойнауы кепілденген. 

“Реал Мадрид”, “Барселона” немесе “Челси” қарсы шығу ықтималдығы 40%-дан асады, ал “Арсеналға” қарсы ойнау ықтималдығы шамамен 22%.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #Қайрат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);