AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Челсидің" бұрынғы ойыншысы "Қайсар" клубында ойн...

"Челсидің" бұрынғы ойыншысы "Қайсар" клубында ойнайды

Спорт 24.01.2026, 11:50 813
 "Челсидің" бұрынғы ойыншысы "Қайсар" клубында ойнайды
Cурет: Aladop.kz.

Ағылшын Премьер лигасының чемпионы, "Челсидің" бұрынғы ойыншысы Нигериялық Виктор Мозес осы аптаның соңында "Қайсар" клубымен ресми түрде келісімшартқа отырады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

35 жастағы Виктор “Қасқырлар” сапында 2026 жылдың соңына дейін өнер көрсетпек.

Дереккөздердің мәліметінше Виктор Мозесті жанкүйерлерге ресми таныстыру шарасы 24 қаңтар күні Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Мозестің футболдағы жолы өте бай әрі табысты. Ол мансабын Англиядағы "Кристал Пэлас” сапында бастап, кейіннен "Уиган Атлетикте” өзін жақсы қырларынан танытты. Оның ойынына Еуропалық алпауыттардың бірі — “Челси" қызығушылық танытып, 2012 жылы өз сапына қосты.

Оның басты жетістіктері мен клубтары:

  • "Челси” сапында: 2016-17 жылғы маусымда Англия Премьер лигасының чемпионы атанды. Клуб сапында жалпы 10-нан астам гол соққан.
  • Жалға берілген клубтары: Мансабының әр жылдарында "Ливерпуль", "Сток Сити", "Вест Хэм", "Фенербахче", "Интер" және "Спартак" сияқты атақты ұжымдарда өнер көрсетті.

Виктор Мозес жасөспірім шағында Англияның түрлі деңгейдегі құрамаларында ойнағанымен, кейіннен тарихи отаны Нигерияны таңдады.

• Нигерия құрамасымен бірге 2013 жылы Африка Ұлттары Кубогында жеңімпаз атанды.

• 2014 және 2018 жылғы Әлем чемпионаттарына қатысты.

• Ұлттық құрама сапында 38 ойын өткізіп, 12 голдың авторы атанды.

Бұл трансфер "Қайсар” клубының ғана емес, бүкіл Қазақстан чемпионатының деңгейін көтеріп, жанкүйерлердің қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Челси #бұрынғы ойыншы #Қайсар #футбол #келімсімшарт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);