ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Career Day: Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі...

Career Day: Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қалай өтуде

Әлеумет 29.05.2025, 11:21 596
Career Day: Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қалай өтуде
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы қаласының Жетісу ауданында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен кезекті Career Day бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға белсенді жастар, аудан тұрғындары, қоғамдық қайраткерлер,...

Алматы қаласының Жетісу ауданында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен кезекті Career Day бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға белсенді жастар, аудан тұрғындары, қоғамдық қайраткерлер, сондай-ақ комьюнити-орталықтардың резиденттері мен 400-ден астам компанияның өкілдері қатысты.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, Career Day жобасының басты мақсаты — жастарды жұмыспен қамтуға және мансап жолын құруға мүмкіндік беру арқылы олардың кәсіби болашағын қалыптастыру. Алматының барлық аудандарында өтіп келе жатқан жәрмеңкелердің алғашқы 7 күнінде 21 мыңнан астам жас қамтылды. Олардың қатарында мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының түлектері бар.

«Біздің басты міндеттеріміздің бірі – жастарды жұмыспен қамту және жан-жақты дамуына мүмкіндіктер ашу. Career Day – бұл тек жәрмеңке ғана емес, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтудың толыққанды әлеуметтік құралы. Осындай іс-шара арқылы біз жастарды жетекші компаниялардың өкілдерімен кездестіріп,  өз болашағына қадам жасай алатындай мүмкіндік жасаймыз», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Іс-шара аясында арнайы  кеңес беру аймақтары ұйымдастырылып, жұмыссыз жастар HR-мамандармен тікелей сөйлесіп, түйіндемелерін қалдырып, жеке кеңестер алды.

«Мен бұл жәрмеңкеге жай ғана қарап шығайын деп келгем. Бірақ қалалық мансап орталығының қызметкерлерінің көмегімен және ұсынылған бос орындардың арқасында өзіме ұнайтын жұмысқа орналастым», — дейді жәрмеңке қатысушысы Даулет Иманов.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері Алматы қаласында 9 мыңнан астам жас тұрақты жұмысқа орналасқан. Қалалық мансап орталығының қызметтерін қаланың кез келген комьюнити орталығынан пайдалануға болады.

 Келесі Career Day жәрмеңкесі 2025 жылдың 30 мамыр күні Наурызбай ауданындағы «Тау-Самалы» базарында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.