AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Cарбаз өзін әскерге шақырған комиссариатты сотқа б...

Cарбаз өзін әскерге шақырған комиссариатты сотқа берді

Әлеумет 05.10.2022, 16:29 1,090
Cарбаз өзін әскерге шақырған комиссариатты сотқа берді
Сурет: Ашық дереккөзі

Комиссариаттағылар оның медициналық анықтамасын есепке алмаған


Қостанай облыстық мамандандырылыған ауданаралық әкімшілік соты 2022 жылғы 24 мамырда Қостанай облысының қорғаныс істері департаментіне қатысты әскери қызметке жіберу туралы бұйрықпен келіспеген Н. есімді азаматтың арызы бойынша әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.


Облыстық соттың мәліметінше, әскери есепте тұрған мерзімді әскери қызметші 2021 жылдың желтоқсан айында медициналық комиссиядан өту кезінде "Аш ішек түйінінің эрозиялық деформациясы. Асқынған ойық жара" диагнозы бар екенін хабарлап, сәйкес медициналық анықтаманы ұсынған.



"Комиссия құжатты есепке алмай, "Әскери қызметке жарамды" деген бірауызды шешім шығарып, жас жігіт Ұлттық ұланға жіберілді. Сот талқылауы барысында жауап беруші тарап қостанайлық азаматтың әскери міндетті өтеу орны бойынша медициналық тексерудің нәтижесін көрсетті. Құжатта Н. есімді арызданушының әскери қызметті өтеуіне кедергі келтірмейтін "Катаральды антральді гастрит" ауруы бар екені көрсетілген. Сот әскери-дәрігерлік сараптама тағайындады. Сараптама арызданушының бұған дейін мәлімдеген диагнозын растады, оның қазіргі уақытта ауруы жазылмағаны белгілі болды. Сондықтан жас сарбаз одан әрі әскери қызметті өтей алмайды", - делінген хабарламада.



Даулы қаулы сотпен заңсыз деп танылып, оның күші жойылды.


Сонымен қатар, арызданушының денсаулық жағдайын ескерген сот өз шешімін шұғыл орындауға шақырды.


Мұндай оқиғаның алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қолдану үшін сот жауапкерге тіркелген заң бұзушылықтар бойынша жеке ұйғарым шығарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сарбаз #Комиссариат #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);