AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Былтыр қаржы пирамидаларынан келген шығын 8 млрд т...

Былтыр қаржы пирамидаларынан келген шығын 8 млрд теңгеден асқан

Әлеумет 19.01.2023, 15:24 1,222
Былтыр қаржы пирамидаларынан келген шығын 8 млрд теңгеден асқан
Сурет: Ашық дереккөз

Соңғы бес жылда Қазақстандағы инвестициялық пирамидалар бойынша қылмыстық істердің статистикасы өскен.


Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ұсынған деректерге қарағанда, 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында қаржы пирамидасынан зардап шеккендер алаяқтарға 8,11 млрд теңге берген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Ranking зерттеуінде көрсетілгендей, соңғы бес жылда Қазақстандағы инвестициялық пирамидалар бойынша қылмыстық істердің статистикасы өскен. 2019 жылы қаржы пирамидаларын жасаушыларға қатысты қозғалған қылмыстық істердің саны салыстырмалы түрде аз болған, ал пандемияның бірінші жылында ол бірден жеті есе, яғни 24-тен 180-ге дейін өсті. 2020 жылы келген шығын көлемі үш есеге, яғни 1,59 млрд теңгеден 6,17 млрд теңгеге дейін өсті. Дағдарыс кезінде халық девальвация мен инфляцияға ұрынып қалмауы үшін қаражаттарын инвестициялау мүмкіндігін іздеді.


2021 жылы қаржылық қылмыстардың саны біршама азайды (6,1% төмендеді), бірақ келтірілген зиян бірнеше есе, яғни 33,34 млрд теңгеге дейін өсті.


2022 жылы мұндай сипаттағы қылмыстар біршама азайды - қаңтар-қараша айларында 127 іс тіркелді. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құқықбұзушылықтар 24,8%-ға азайған. Тиісінше, зардап шеккендер саны 1,2 мыңнан 625 адамға дейін азайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаржы пирамидасы #Алаяқтар #статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);