AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Былтыр ел тұрғындары цифрлық құжаттарды 10 есе көп...

Былтыр ел тұрғындары цифрлық құжаттарды 10 есе көп пайдаланған

Әлеумет 04.05.2022, 05:16 1,207
Былтыр ел тұрғындары цифрлық құжаттарды 10 есе көп пайдаланған
Сурет: Med-law.ru

Былтыр қазақстандықтар цифрлық құжаттарды 32 млн рет пайдаланған.


Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Былтыр ел тұрғындары цифрлық құжаттарды 32 млн рет пайдаланса, 2020 жылы небары 3,6 млн рет қолданылған. Заң жобасында электрондық құжаттарды қағаз түріндегі баламасымен тең дәрежелі етіп заңдастыру, электрондық құжаттарды толыққанды қолдануға кедергі келтіретін заңдардағы қайшылықтар мен әртүрлі оқылымдарды алып тастау және цифрлық құжаттардың қолданылу аясын кеңейту көзделген», - деді Бағдат Мусин.



Оның мәліметінше, заң жобасында туу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер сияқты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттарды электрондық форматқа ауыстыру қарастырылған.



«Бұл азаматтар үшін ыңғайлы болмақ, өйткені мекемелерге бару міндетінен босатылады, азамат кез келген уақытта құжатты басып шығара алады немесе QR-коды бар электрондық нұсқасын ұсынады. Оның үстіне, құжатты жоғалтып алса, телнұсқа жасату қажет емес. Азамат өзі қаласа немесе шетелге кеткен жағдайда құжатты қағазға басып шығара алатын болады», - деді министр.



Айта кетейік, бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында Айдос Сарым Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Цифрлық құжаттар #электрондық формат #қолдануы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);