AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Былтыр Алматыда көлік апаты көп болған

Былтыр Алматыда көлік апаты көп болған

Оқиға 16.01.2023, 06:28 1,255
Былтыр Алматыда көлік апаты көп болған
Сурет: Arna-news.kz

Ел бойынша 19,5 мың адам зардап шеккен.


2022 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде 13,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,2%-ға артық. Оның ішінде 1,7 мың оқиға қайғылы жағдаймен аяқталған.


Көлік апатына 11,6 мың жағдайға жүргізушілердің, 378-сіне жаяу жүргіншілердің, үшеуіне коммуналдық қызметтердің, ал бір жағдайға жол қызметтері мен мердігерлердің қатысы бар.


Жол-көлік оқиғаларының жиі болатын күні – дүйсенбі. Бұдан бөлек жол апаттары сенбі мен сейсенбіде де тіркелген.


Елдегі барлық жол-көлік оқиғаларының 68%-ы күндіз, 19%-ы ымырт түскен кезде, 12%-ы түнде тіркелген.


Жол-көлік оқиғаларының ішінде жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайы жиі кездесті (5 мың оқиға). Көліктердің соқтығысуы – 3,2 мың жағдай, көліктердің аударылуы – 1,2 мың жағдай, кедергілерге соғылу – 514 жағдай, жолаушылардың құлауы – 339 жағдай.


Еліміз бойынша көлік апатының басым бөлігі Алматыда тіркелген: 3,5 мың апат. Антилидерлердің үштігіне Алматы (1,9 мың жағдай) және Жамбыл (1,4 мың) облыстары кірді. Жол-көлік оқиғаларының ең аз саны Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында тіркелді.


Түркістан облысында тіркелген жол апаттарының басым бөлігі қайғылы жағдаймен аяқталды (өңірдегі ЖКО жалпы санының 37%-ы). Одан кейінгі орындарда  Қарағанды (33,9%), Ұлытау (33,3%), Абай (29,8%) және Қызылорда (23,4%) облыстары бар.


2022 жылдың 11 айында елде жол-көлік оқиғалары салдарынан 19,5 мың адам зардап шекті. Бұл 2021 жылға қарағанда 9%-ға көп. Оның ішінде 17,3 мың адам (9,6 мың ер адам, 7,7 мың әйел) жарақат алып, 2,2 мыңы (1,7 мың ер адам, 568 әйел) қаза тапты.


Өңірлік бөліністе жол апатынан ең көп зардап шеккендер Алматы қаласы (4,1 мың адам), Алматы (3,1 мың адам) және Жамбыл облыстарында (2,3 мың адам) байқалды.



«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел деректеріне сәйкес, 2023 жылдың алғашқы 3 күнінде жол апатынан 116 адам зардап шекті. Оның ішінде 26-сы бала, үшеуі – жүкті әйел. 76 адам ауруханаға жеткізілді, 9-ы қаза тапты», - делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #апат #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);