AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Былтыр Алматыда 6 мыңға жуық адам психологтің көме...

Былтыр Алматыда 6 мыңға жуық адам психологтің көмегіне жүгінген

Әлеумет 01.02.2023, 02:44 1,209 Almaty-akshamy
Былтыр Алматыда 6 мыңға жуық адам психологтің көмегіне жүгінген
Сурет: Ашық дереккөз

Енді 3580 call-орталығының нөмерін теріп, үлкен шаһардың тәжірибелі клиникалық психологтарынан кеңес алуға болады.


Алматыда психологтің көмегін алу үшін 2015 жылы алғаш рет 1303 сенім телефоны іске қосылған. Алғашқы жылы оған 236 адам хабарласқан болса, өткен жылы 6 мыңға жуық қала тұрғыны хабарласқан. Бұл туралы Алматы қаласының психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



- Сенім телефонына бір тәулікте 20, 30, кейде 40-қа жуық тұрғын қоңырау шалады. Олардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Психиатриялық, наркологиялық қызметке мұқтаж тұрғындар психологтарға ағынан ақтарылып, көкейіндегі мәселесін тарқатып, қажетті ақпаратты алады. Сенім телефонында кәсіби, тәжірибелі клиникалық психологтар еліміздің түкпір-түкпіріндегі халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Біздің мақсатымыз да осы. Психологиялық көмек тегін және әр адамның сыры құпия сақталады, - дейді орталық басшысы Сапар Рахменшеев.



Оның мәліметінше, өткен жылы 1303 сенім телефонына хабарласқандардың басым бөлігі - әлеуметтік, тұрмыстық түйіткілдер, отбасылық кикілжің, ерлі-зайыптылар, ене мен келін арасындағы дау-дамайды шешудің амалын сұраған, күйзеліске түскен жандар. Бұдан бөлек, балалары бағудан бас тартқан қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар, құмар ойынға тәуелді жандар, онлайн несие алып, қарызға батқандар да бар. Маскүнемдік, есірткіге тәуелді тұрғындар да емделудің жолын іздеп, сенім телефонына хабарласқан.



«Биыл қаңтар айынан бастап Алматы қаласының психикалық денсаулық орталығының сенім телефоны 3580 call-орталығына қосылды. Енді 3580 call-орталығының нөмерін теріп, үлкен шаһардың тәжірибелі клиникалық психологтарынан кеңес алуға болады. Мұндай call-орталықтар Алматы, Тараз және Семей қалаларында жұмысын бастады», - деді Алматы қаласының психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#психолог #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);