AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Былғары қолғап шебері алматылық сарбаздармен жүзде...

Былғары қолғап шебері алматылық сарбаздармен жүздесті

Әлеумет 18.11.2024, 13:05 965
Былғары қолғап шебері алматылық сарбаздармен жүздесті
Ұлттық ұлан

Әлемдік аренада көк Туымызды желбіретіп жүрген, ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын былғары қолғап шебері Еділ Қожамбердиев Алматыда Ұлттық ұланның Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті. 

Чемпионмен жүздесу барысында сарбаздар сан түрлі сауалын жолдап, екіжақты пікір алмасты. Боксшы Отан қорғаушылармен өмірлік сабақтарымен, алдағы жоспарларымен бөлісіп, құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлеріне жауапты қызметтері үшін ризашылығын білдірді. Мұндай кездесулер Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздарға ерік-жігер, рух, патриоттық сезім сыйлайды деп ойлаймыз.

– Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ спорт саласында жарқырауды армандаған едім. Бала күнімнен кик-боксинг үйірмесіне жазылып, арманымның алғашқы баспалдағына қадам жасадым. Арман алдамайды. Тек жүрекпен қалаған мақсат биікке шығарады. Және азаматқа шыдамдылық, қайтпас қайсар мінез тән. 27 желтоқсанда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 12 раундық жекпе-жек өтеді. Сол додада мықты-мықты қарсыластармен жұдырықтасамыз. Сіздерді қазақ боксының жанкүйер болуға шақырамын! – деді былғары қолғар шебері. 

Айта кетейік, Еділ Қожамбердиев бала күнінен спортқа жақын болған. Аты аңызға айналған чемпион Майк Тайсон мен Мұхаммед Әлидің спорттық жолына теледидар арқылы қызығып, балалық арманын жүзеге асыру мақсатында өз-өзін жан-жақты шыңдаған. Қажырлы еңбек пен шыдамдылықтың арқасында Азия, Әлем чемпионатына қатысып, өзін жеңіспен дәлелдей білді. 2017 жылдан бастан кәсіпқой боксқа бет бұрған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #Еділ Қожамбердиев #бокс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);