Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі мемлекеттік қызметші...

БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды

Әлеумет 22.02.2023, 07:09 787
БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды
Сурет: ашық дереккөз

БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі алдағы уақытта еліміздегі мемлекеттік институттарды нығайту, адам құқықтарын қорғау мәселелеріне баса назар аударады. Бұл туралы БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 


БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори «БҰҰ-ның Қазақстандағы Елдік командасының қызметіне шолу: негізгі бағыттары мен даму перспективалары» тақырыбында дәріс оқыды. Академияның магистранттары мен докторанттарына, қызметкерлеріне еліміздің тұрақты даму саласындағы күш-жігері және оның халықаралық аренадағы рөлі туралы айтып берді. 


Микаэла Фриберг-Стори ханымның айтуынша, БҰҰ Қазақстан Үкіметімен, азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, басты назар аударатын үш негізгі бағытты айқындағанын айтты.



«Біріншіден, әрбір жеке тұлғаның болашағы үшін қажетті білім алуға, дағдыларды меңгеруге мүмкіндік жасауға басты назар аударамыз. Бұған білім берумен қатар, кәсіпкер әйелдерді оқыту мәселесі де кіреді. Екіншіден, мемлекеттік институттарды нығайтуға, адам құқықтарын қорғауға баса назар аудару маңызды. Түйткілді мәселелерін шешуде адамдардың мемлекеттік қызметкерлермен дұрыс байланыс орнатуы да маңызды мәселе. Сонымен қатар түрлі мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың кәсіби деңгейін арттыру – басты бағытымыздың бірі. Үшіншіден, тұрақты экономикалық өсім мен климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге қолдау көрсетеміз», – деп түсіндірді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі.



Мемлекеттік қызметшілермен кездесуге БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің өкілдері: RCO Kazakhstan тобының жетекшісі Куртмолла Абдулганиев, RCO Kazakhstan серіктестік қарым-қатынасты дамыту жөніндегі координаторы Дина Хасенова да қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҰҰ #Тұрақты үйлестіруші #Мемлекеттік қызметкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.