AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Бұрынғы мәслихат депутаты алтын төсбелгісін сатпақ...

Бұрынғы мәслихат депутаты алтын төсбелгісін сатпақшы

Оқиға 29.03.2022, 06:14 1,549
Бұрынғы мәслихат депутаты алтын төсбелгісін сатпақшы
Сурет: Elorda.info

Танымал қазақстандық марафоншы Марат Жыланбаев Екібастұз мәслихатындағы депутат кезінде алған алтын төсбелгісін сатылымға шығарды.


Сату туралы хабарландыруды өзінің Facebook-парақшасына жариялаған Гиннесс кітабының жеті дүркін рекордсмені төсбелгінің бастапқы бағасын 100 мың теңге деп көрсеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


Спортшы 375-сынамадағы алтыны бар алты грамдық төсбелгісін 2003 жылы Екібастұз мәслихатының депутаты болып қайта сайланған кезде алғанын айтады.



«Бұл төсбелгінің қандай ақшаға сатып алынғаны әлі күнге дейін құпия. Заң бойынша мәслихат депутаттарына алтын төсбелгі берілмейді. Бірақ сол кезде әкімдікте Екібастұздың барлық 17 депутатына алтын төсбелгі берілді. Біз оған ақы төлемедік. Қазір ол қажетсіз жатыр. Оған қоса бұл төсбелгімен байланысты жағымсыз естеліктер бар. Сондықтан да оны сатуға шығардым», – деді Марат Жыланбаев.



Еске сала кетсек, ол - әлемдегі ең ірі шөлдерді жалғыз өзі жүгіріп өткен жалғыз спортшы. Ол Қарақұм, Сахара, Үлкен Виктория, Невада сияқты шөлдерді еңсеріп, Гиннестің кітабына енген, әлем бойынша жеті рекорд орнатқан. Жыланбаев жер бетіндегі ең мықты және ең шыдамды адам деп танылды. 1995 жылы ол үлкен спортты тастап, қоғамдық қызметпен айналысты.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#төсбелгі #марафоншы #сатылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);