Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Бурабайдағы» құстардың популяциясын зерттеуге нем...

«Бурабайдағы» құстардың популяциясын зерттеуге неміс ғалымы арнайы шақырылған

Әлеумет 15.09.2022, 05:22 1,605
«Бурабайдағы» құстардың популяциясын зерттеуге неміс ғалымы арнайы шақырылған
Сурет: Egemen.kz

Ғалым осы өңірді мекендейтін құстардың санын анықтап, қанаттыларға қатысты зерттеу деректерін жаңартпақ.


«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне неміс орнитологы Янош Теофан Жером Бекер (Janosch Théophane Jérôme Becker) келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Құстарды идентификациялауда терең білімі мен мол тәжірибесі бар ғалым қанаттылардың тыныс-тіршілігін бақылап, нақты мекендейтін жерлерін картаға түсіру тәжірибесімен бөліседі.  Сондай-ақ ол жергілікті орнитофаунаның ұлттық парк тізіліміне қаншалықты сай келетінін анықтайды.



«Бурабай» ұлттық паркі Германияның аға сарапшылар қызметімен 2016 жылдан бері ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Осыған дейін орман шаруашылығы мен герпетофауна саласын зерттейтін екі маман келген. Құстардың популяциясын зерттеу үшін биыл алғаш рет орнитолог шақырдық. Ол өзінің тәжірибесімен бөлісіп, біз жасаған құстар тізілімінің толық екеніне көз жеткізуге тиіс», – деді «Бурабай» МҰТП аға ғылыми қызметкері Евгений Архипов. 



Бүгінгі таңда 129 мың 299 гектарды алып жатқан «Бурабай» паркінде құстардың 197 түрі бар. Соның ішінде 14 түрі Қазақстанның қызыл кітабына енген. Сұр тырна, аққұйрық субүркіт, қарабас шағала мен шаңқылдақ қыран сияқты сирек кездесетін, жойылудың алдында тұрған құстар да бар. Мәселен, Қазақстан бойынша шаңқылдақ қыранның 10 жұбы ғана қалған. 


Ұлттық парктің орнитофаунасы негізінен еуропалық түрлерден тұрады. Үлкен түркептер, (Streptopelia orientalis), сұр шыбыншы (Muscicapa striata neumanni), ақбас сұлыкеш (Emberiza leucocephala) сияқты сібірлік құстар да кездеседі. Тайга құстарынан саңырауқұр, қара тоқылдақ (Dryocopus martius), суықторғай (Pyrrhula pyrrhula) бар. Саңырауқұр Бурабайға өткен ғасырдың алпысыншы жылдары әкелінген. Содан бері ол осы өңірді тез жерсініп кетті. 


Ұлттық парк мамандары экологиялық жүйесін бақылап, жан-жануарлар тізілімін жыл сайын жаңартып отырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бурабай #Популяция #құстар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.