AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұз...

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылыс барысы қалай жүріп жатыр?

Әлеумет 26.06.2024, 14:26 1,008 dulatbekova
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылыс барысы қалай жүріп жатыр?
Сурет: Gov.kz

Еліміздің бірқатар өңіріне жұмыс сапарымен барған Көлік министрі Марат Қарабаев Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылыс барысын тексерді.

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайды

Аталған жобаның аймақ үшін стратегиялық маңызы зор. Құрылыс нысанының халық игілігіне пайдалануға берілуі Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының көлік инфрақұрылымын жақсартады деп күтілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан, Алтай аудандары арасындағы көлік құралдарының үздіксіз қозғалысы үшін маңызды нысан.

Салынып жатқан көпір өткелінің жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайды. 21 тіректің 18-і салынып, қалған үш тірек бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Нысанда арнайы айлақ, жиынтықтаушы бөлшектерді дайындауға арналған уақытша құрылыс алаңдары жұмыс істейді, сондай-ақ инженерлік желілер тартылған. Жұмысты жеделдету мақсатында көпірдің құрылысы бір мезгілде сол және оң жағалаудан қатар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталған. Бұл аталған құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз ететін аумақ. Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта жалғасатын құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған барлық қажетті материал дайын. Учаскедегі жұмысшылар екі ауысымда істейді, жалпы саны 200-тен астам адам жұмылдырылылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бұқтырма #су қоймасы #Көпір #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);