ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Қаржы / Бүлінген банкноттарды не істеуге болады?

Бүлінген банкноттарды не істеуге болады?

Қаржы 07.12.2021, 09:48 1,744
Бүлінген банкноттарды не істеуге  болады?
Сурет: Іnform.kz
Тексеруге болатын, аумағы сақталған бүлінген банкноттар жаңа ақшаға айырбасталады.

Тексеруге болатын, аумағы сақталған бүлінген банкноттар жаңа ақшаға айырбасталады.


Ұлттық банкінің банкноттар мен монеталарды сараптамадан өткізу басқармасының бастығы Асқат Мұқамадиев ұлттық валютадағы бүлінген банкноттарды қалай айырбастауды түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Асқат Мұқамадиев айтуынша, Ұлттық банкінің филиалдарына сараптамадан өткізу үшін әртүрлі банкноттар түсіп жатады, олар: тозған, күйген, жыртылған ақшалар. 



«Бұл банкноттардың бәрі фрагменттері бойынша қайта құрастырылып, қалпына келтіріледі. Жыл басынан бері ҚҰБ жарамдылығы күмән тудыратын банкноттар мен монеталардың 3 079-ын қабылдап, солардың арасынан 2 542 банкнотты айырбастап берді. Олардың көбі жыртылған, күйген, ескіріп, жуылып кеткен», – дейді басқармасы бастығы. 



Оның айтуынша, егер банкноттың 50%-дан көп бөлігі жақсы сақталған болса, оны Ұлттық банк филиалдарына жарамдылығы жағынан күмәнді банкнот ретінде сараптамаға тапсырып, шын ақша екенін тексертуге болады. 



«Ол үшін банкноттың қалған бөлігін ұқыптап жинап алу керек. Қандай жағдайға қарамастан, банкнотты бүлінген дүниенің ішінен, әмияннан, басқа да ыдыстан алмаған дұрыс. Әйтпесе банкноттар одан бетер жыртылып, оның шын ақша екенін анықтау қиынға түседі. Бүлінген ақшаны жұмсақ затқа орап, үлкендеу қорапқа салып алу керек. Осыдан кейін оны сараптамадан өткізу үшін Ұлттық банктің аумақтық филиалына өткізесіз. Тексеруге болатын, аумағы сақталған бүлінген банкноттар жаңа ақшаға айырбасталады. Алайда, оны тексеру біраз уақыт алуы мүмкін. Ең бастысы, сараптама тегін жасалады», – деді ол. 



Егер банкнот өз көлемінің кемінде 70% сақтаған болса және оның номиналын көрсететін (жазбаша және сан түріндегі) сандар қатты бүлінбеген болса (егер банкноттың шын ақша екенін растауға кедергі болмаса), ескіргеніне қарамастан, ол төлемге жарамды ақшаға айырбасталады. 



«Ондай банкноттарды екінші деңгейлі банктерге, ҚҰБ филиалдарына немесе «Қазпошта» АҚ-на барып, айырбастап алуға болады. Айта кетейік, ЕДБ өздерінің ішкі нормативтік құжаттарына сай, қызмет көрсеткені үшін комиссиялық төлем алуға құқылы. Аумақтық филиалдардың мекенжайы мен байланыс нөмірлері Ұлттық банк сайтында жазылған», – деді Асқат Мұқамадиев.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.