AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бұл газеттің  жолы да, жөні де бөлек!

Бұл газеттің  жолы да, жөні де бөлек!

Әлеумет 01.02.2023, 21:59 1,720
Бұл газеттің  жолы да, жөні де бөлек!
Суреттерді түсріген - Самат

Дәл қазір «Аlmaty aqshamy», «Вечерний Аlmaty» газеттеріне жазылу науқаны жүріп жатыр. Мегаполиске қатысты барлық ақпараттар, жаңалықтар, қызықты мақалалар осы қос басылымда жарық көреді.


«Alataý Aqparat» медиахолдингі өткен аптадан бері қала тұрғындары үшін қаланың бас газеттерін тегін тарату акциясын ұйымдастырып келеді. Кезекті шара Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Алматы метрополитенінде өтті. Газетті тарату барысында жасы егде тартқан адамдардың басылымдарға деген қызығушылықтарының басым екенін байқадық. Газет оқитын жастар да жоқ емес. Дегенмен қазіргі заманда адамдардың басым көпшілігі негізгі ақпаратты, жаңалықтарды электронды ақпарат құралдары арқылы алатыны шындық. Газет қызметкерлерінің мақсаты – халық арасында «Аlmaty aqshamy», «Вечерний Аlmaty» газеттерін насихаттау, қалалықтардың газетке деген қызығушылығын арттыру.



Бақытжамал, зейнеткер:


Газет оқығанды жақсы көрем


- Біз - жастайымыздан газет-журнал оқып өскен ұрпақтың өкіліміз. Қолымызға қандай да бір газет түсе қалса, оқығымыз кеп тұрады. Ақпаратты теледидардан да тыңдаймыз, қазір қолдағы телефонда да әлемдегі барлық жаңалық қолжетімді ғой. Бірақ газетке жарияланған мақаладай болмайды. Газетте тек ақпаратты жазып қана қоймай, сараптап, талдап беретіні ұнайды. Газет - тек жаңалықтың жаршысы емес, бүтін бір елдің айнасы. Халыққа газетті тегін таратып жатқан бастамаларыңыз жақсы екен. Өйткені қазір бұрынғыдай газет-журнал аса көп емес. Сондықтан халықтың қолы жете бермейді. Еңбектеріңіз жана берсін!



 Ахмет Байтұрсынұлы:


«Бірінші: газет – халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші: газет – жұртқа қызмет ететін нәрсе; үшінші: газет – халыққа білім таратушы; төртінші: газет – халықтың жоқтаушысы».




Нұрлан, қала тұрғыны:


Сауатты мақала оқығым келеді


- Өз басым үйде де, жұмыс орнында да газет-журналдарды қалдырмай оқып жүремін. «Алматы ақшамы» газетінің тұрақты оқырманымын. Саяси тақырыптардағы сараптамаларды, спорт жаңалықтарын үзбей оқимын. Қазір сайттарда, әлеуметтік желілерде жаңалықтар қысқа да нұсқа беріледі. Көбінесе бейнежаңалықтар жақсы қаралады. Бірақ газеттің көтерген жүгі ауыр. Өйткені газетке жарияланған мақала тасқа жазылғандай болып қағаз бетіне түседі. Сондықтан газеттің құндылығы да жоғары. Қағаз бетіне түскен материалды жазатын тілшіге үлкен жауапкершілік артылады. Журналистен жазған әр жаңалығының, мақаласының сауатты болуы  талап етіледі. Бүгінде жастардың тілі шорқақ, кез келген сөзді қысқартып айтады. Ал газет - оқырманды көркемдікке, дұрыс сөйлеуге тәрбиелейтін құрал. Сондықтан өз мамандығына адал газет қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеймін, қаламдарыңыз мұқалмасын!



Дана, студент:


Газет - мұрағаттың көзі


- Мен үнемі газет оқимын деп айта алмаймын. Өйткені қазір кез келген қажет дүниені интернеттен қолымыздағы смартфон арқылы ала алатын заман ғой. Дегенмен сабағыма, емтихандарға дайындалған кезде маған газеттердің көп пайдасы тиді. Кітапханаларда өзіме қажетті материалдарды іздегенде, газетке жарияланған мақалалардан тауып алдым. Басылымдарға жарияланған материалдардың көп ізденістің нәтижесінде жарық көретініне көзім жете түсті. Бір кездерде халықтың газетке деген сұранысы жоғары болды ғой. Қазіргі таңда газет-журналдарға деген қызығушылық бәсеңдегенімен, әр кезеңде де әр басылымның өз оқырманы болады. Сіздер ұйымдастырып отырған газетті тегін тарату акциясынан кейін «Аlmaty aqshamy», «Вечерний Аlmaty» газеттерін жиі оқып тұратын болдым, көп рахмет! Газетте көңілге түйе жүретін дүниелер бар екен.




Индира АНДИРОВА,  «Алматы метрополитенінің» баспасөз хатшысы:


Халыққа қажет бастама


- Біздің метрополитеннің қызметкерлерінің арасында қазір «Аlmaty aqshamy», «Вечерний Аlmaty» газеттері жақ­сы сұранысқа ие. Өйткені, бұлар әкімдікке қатысты басы­лымдар болғандықтан, әкімдіктің атқарып жатқан жұ­мыстарымен танысуға, қаладағы барлық жаңалықтан хабардар болуға ынталымыз. Өз басым кейде әлеуметтік желіден, ғаламтордан шаршаған кезде газет оқығанды жақсы көремін. Мегаполистегі кішігірім өзгерістердің өзі осы газеттерде жарық көріп жатады. Қаланың болашағы­на қатысты ауқымды мақалаларды да үнемі газеттерден оқып, біліп отырамыз.


Меніңше, қазір көпшілік адам интернетке үңілген цифр­ландыру заманында газет-журналдардың да, кітаптардың да алар өз орны бар. Өйткені, қағазға түскен ақпаратты ми өзгеше қабылдайды. Сондықтан осындай акцияларды ұйымдастырып, халыққа газет оқуды естеріне салып тұру дұрыс бастама деп ойлаймын. Қазір біздің «Алматы мет­ро политені» де бекеттерде жолаушылар үшін «bookcrossing», яғни кітап алмасу шарасын қайта қолға алмақшымыз. Өйткені, адам қағазға басылатын басылым­дардан қол үзіп қалмауы керек. Бұл адам миының дұрыс жұмыс істеуіне, интеллектуалдық қабілетіне әсер етеді. Бүгінде, өкінішке орай, метрода кітап ұстаған жолаушы­ларды сирек көреміз. Бірақ уақыт өте келе, халықтың кітапқа қайта ден қоятынына сенемін.



 




 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ақшам #газет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);