Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бүкіл банкке ортақ QR-код жылдың соңында пайда бол...

Бүкіл банкке ортақ QR-код жылдың соңында пайда болады

Әлеумет 12.04.2024, 11:09 866
Бүкіл банкке ортақ QR-код жылдың соңында пайда болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Ұлттық банктің басқарма төрағасы Тимур Сүлейменов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында әр түрлі банктердің түрлі төлемдерін өзара қабылдайтын ортақ QR-код жылдың соңында пайда болатынын айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 




«Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жүйені бірыңғай QR немесе түрлі банктердің QR коды деп те атауға болады. Бұл мәселенің техникалық жағы. Оңай болу үшін бірыңғай QR десек те болады. Мұндағы идея 100 пайыз Ұлттық банкке тиесілі Ұлттық төлем корпорациясының түрлі банктер қолданысқа шығарған QR-кодтарды өзара оқи алатын жүйе әзірлеуіне құрылған. Дүкенде QR-код арқылы төлем жасағыңыз келсе, Halyk немесе Kaspi бар ма деп сұрайды. Halyk-тың картасымен Kaspi терминалында төлем жасай алмайсың және керісінше. Бұл тұтынушыларға да, банктердің өзіне де қолайсыз деп ойлаймын. Өйткені транзакцияның бір бөлігі кетіп жатыр деген сөз», - деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.




Сондай-ақ, ол «Bloomberg» агенттігінде жарияланған сұхбатта сөзі сәл бұрмаланып кеткенін айтты.




«Ол жерде монополияны төмендеткіміз келетіні туралы ой сәл теріс берілген. Шынымен де бізде төлем нарығының 80%-ын игеріп отыр. Бұл жақсы да, жаман да емес – қалыптасқан жағдай. Ал біздің транзакциялар кедергісіз жүретіндей жүйе құрғымыз келеді. Аталған екі банктің басшылығы бізбен белсенді жұмыс істеп отыр. Ешқандай қарсылық, дүдараздық жоқ. Банктер ондай жүйенің тиімді болатынын, өздеріне белгілі бір экономикалық пайдасы болатынын түсініп отыр. Жыл аяғына дейін жүйені қанатқақты режимде енгіземіз. Бірнеше банкке жалғап, сынақтан өткізіп көреміз. Ал келесі жылдың басында жобаны толыққанды іске асырып, бүкіл банктерді қосамыз», - деді Ұлттық банк төрағасы.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #ұлттық банк #QR коды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.