ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Бүйрек аурулары: нені білу керек?

Бүйрек аурулары: нені білу керек?

Мұны білген жөн 19.01.2026, 11:11 207
Бүйрек аурулары: нені білу керек?
сурет: автордан
Бүйрек – ағзамыздың «үндемей» жұмыс істейтін, бірақ ең маңызды мүшелерінің бірі. Ол қанды сүзеді, артық суды, тұзды және зиянды заттарды сыртқа шығарады. Сонымен қатар қан қысымын қалыпты жағдайда...

Бүйрек – ағзамыздың «үндемей» жұмыс істейтін, бірақ ең маңызды мүшелерінің бірі. Ол қанды сүзеді, артық суды, тұзды және зиянды заттарды сыртқа шығарады. Сонымен қатар қан қысымын қалыпты жағдайда ұстауға, сүйектердің беріктігін сақтауға, қан жасушаларын түзуге қатысады.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ №2 терапия бөлімшесінің нефролог дәрігері Қармақбай Сәрсенбаевтың айтуынша, бүйрек сырқаты көбіне жасырын басталады. Дегенмен мынадай белгілерді ескерусіз қалдыруға болмайды:

– несеп түсінің өзгеруі, көпіршіктенуі немесе қан араласуы;
– бет пен аяқтағы ісіну;
– қан қысымының жиі көтерілуі.

Егер мұндай шағымдар байқалса, дәрігерге қаралып, қарапайым тексерулерден (қан, несеп талдауы, УДЗ) өткен жөн.

Бүйрек көбіне өздігінен емес, басқа дерттердің салдарынан зақымданады. Ең басты себептер мыналар:

– қант диабеті – қандағы қанттың жоғары болуы бүйректегі ұсақ тамырларды зақымдап, сүзгі қызметін әлсіретеді. Бұл диабеттік нефропатияға әкеледі;
– жоғары қан қысымы (гипертония) – қан қысымы ұзақ уақыт бойы жоғары болса, бүйрек тамырлары тарылып, қызметі біртіндеп нашарлайды;
– жұқпалы аурулар – ангинадан кейінгі гломерулонефрит, зәр шығару жолдарының қабынуы бүйректі зақымдайды;
– тұқым қуалайтын дерттер – поликистозды бүйрек сияқты аурулар тұқым арқылы беріледі;
– уытты әсерлер – кейбір дәрілерді (ауырсынуды басатын, антибиотиктерді) ұзақ уақыт бақылаусыз қабылдау, алкоголь мен улы заттар бүйрекке зиян;
– иммундық жүйе аурулары – жүйелі қызыл жегі, васкулит сияқты сырқаттар да бүйректі зақымдайды.

Бүйрек ауруларының алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет:
•    Қан қысымын тұрақты бақылау;
•    Қант диабеті бар болса, емді үзбеу және қант деңгейін қадағалау;
•    Инфекцияларды асқындырмай, дер кезінде емдеу;
•    Тұзды шектеп, дұрыс тамақтану;
•    Дәріні өз бетімен емес, дәрігер кеңесімен қабылдау;
•    Жылына кемінде бір рет жалпы тексеруден өту.

"Иә, бүйрек – үнсіз қызмет ететін қорғаушымыз. Оның «үндемей» жүргені – сау екенін білдіреді, бірақ бұл бейқам болуға себеп емес. Әрбір адам денсаулығына жауапты. Бүйрекке күтім жасау – ұзақ ғұмырдың кепілі", – дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ №2 терапия бөлімшесінің нефролог дәрігері Қармақбай Сәрсенбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.