ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Бүйрек алмастырушы терапия алатын науқастардың сан...

Бүйрек алмастырушы терапия алатын науқастардың санын қалай азайтамыз?

Медицина 19.08.2024, 11:31 1,156
Бүйрек алмастырушы терапия алатын науқастардың санын қалай азайтамыз?
Almaty-akshamy.kz. 
Былтырғы есепке сүйенсек, елімізде диализ орталықтары 130-дан асады және бүйрек алмастырушы терапия алатын науқастардың саны кейінгі үш жылда 22,5%-ға өскен ( 2021 жылы – 11320, 2022 жылы – 12546,...

Былтырғы есепке сүйенсек, елімізде диализ орталықтары 130-дан асады және бүйрек алмастырушы терапия алатын науқастардың саны кейінгі үш жылда 22,5%-ға өскен ( 2021 жылы – 11320, 2022 жылы – 12546, 2023 жылы – 13869 ). Алматы қаласының өзінде диализ орталығы 19-ға жетіп жығылады. 

Жедел және созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан  науқастардың санының өсу себебі, ауру ерте сатысында анықталмайды. Созылмалы бүйрек ауруының 70%-нан астамы терминалды сатысында анықталып, шұғыл бүйрек алмастырушы терапияны (гемодиализ) бастауға тура келеді.    

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-дағы №2терапия бөлімшесінің нефролог-дәрігері Сәрсенбай Қармақбаев жедел және созылмалы бүйрек ауруын алдын ала анықтаудың бірнеше тәсілін ұсынады. 

Олар:
– алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жалпы тәжірибелік дәрігерлерді нефропротекция және креатинин деңгейі белгілі бір қалыпта емес, әр адамда (жасы, жынысы) жеке есептелетіндігі туралы арнайы оқыту;
– емхана деңгейінде скрининг арқылы артериалдық гипертензия, қант диабеті, жүрек қан-тамыр аурулары және отбасында созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарда бүйрек зақымдануын ерте анықтау;
– зертханада креатинин деңгейін шумақшаның сүзілу жылдамдығымен бірге есептеп беру;
– мақсатты артериалдық қан қысымының 120/80 мм сын.бағ-нан аспауын қадағалау,
– бүйрек биопсиясын алуды қайта қолға алу;
– генетикалық тексерулерді жүргізу.

Бүйрек ауруларының жаһандық нәтижелерін жақсарту бастамасы (KDIGO) келісу конференциясының клиникалық практикалық ұсыныстарын ескере отырып, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ профессорлары мен нефролог дәрігерлері алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде созылмалы бүйрек ауруын ерте анықтаудың арнайы алгоритмін әзірлеп, ұсынды. Алгоритм бойынша артериалдық гипертония, қант диабеті, жүрек қан-тамыр аурулары, отбасылық ауру тарихында созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын науқастардың қандағы креатинин деңгейін және зәрдегі альбумин/креатинин арақатынасын анықтау арқылы бүйректің қызметін және зақымдануын бағалау қажет. 

Егер зәрдегі альбумин/креатинин арақатынасы >30 мг/г жоғары, шумақшаның сүзілу жылдамдығы 60 мл/мин/1,73м2 төмен болса, зертханалық талдауды үш айдан кейін қайталау керек. Егер үш айдан кейін шумақшаның сүзілу жылдамдығы әлі төмен болса, зәрдегі альбумин/креатинин арақатынасының жоғары деңгейі сақталса, онда созылмалы бүйрек ауруы диагнозы қойылып, нефролог-дәрігерге жіберіледі. Егер  зәрдегі альбумин/креатинин арақатынасы 30 мг/г-ға дейін, шумақшаның сүзілу жылдамдығы 60 мл/мин/1,73м2 жоғары болса, талдауды жылына кемінде бір рет қайталап отыру керек.  

«Жалпы, емхана деңгейінде жедел және созылмалы бүйрек ауруы туралы арнайы дәріс жүргізу және жоғарыдағы ұсыныстарды іске асыру арқылы бүйрек алмастырушы терапия алатын науқастардың санын азайтуға болады»,  – дейді дәрігер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.