AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Бүгіннен бастап сақтандыру мәселелері бойынша конс...

Бүгіннен бастап сақтандыру мәселелері бойынша консультация беріледі

Медицина 01.06.2023, 05:37 1,852
Бүгіннен бастап сақтандыру мәселелері бойынша консультация беріледі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кеңес 1414 байланыс орталығы арқылы берілмек.


Қазақстандықтар бүгіннен бастап медициналық сақтандыру және медқызметке қатысты консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұған дейін бұл қызметті Медициналық сақтандыру қоры жанындағы 1406 байланыс орталығы атқарып келген болатын.


МСҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, бұл шара халыққа қызмет көрсету аясын кеңейтіп, оператор аздығынан жауап берілмей қалған қоңыраулар санын қысқарту мақсатында қолға алынып отыр.



«Бұған дейін тұрғындар 1406 нөміріне хабарласып, медициналық сақтандыру, денсаулық сақтауға қатысты тегін консультация ала алатын. Сонымен қатар, медициналық көмек сапасына қатысты өтініш-шағымдар да осы байланыс арнасы арқылы қабылданып келді. 1-маусымнан бастап бұл қызметті 1414 байланыс орталығы көрсете бастайды. Себебі ондағы операторлар штаты үлкен және орталықтың техникалық мүмкіндіктері жоғары. Орталықтың бір уақытта көптеген қоңырауларды қабылдауға мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде абоненттердің оператор жауабын күтуге кететін уақытын бірнеше минуттан бір минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Тілеухан Әбілдаев.



Өтініштерді бұрынғыша Қордың Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-бот (@SaqtandyrýBot) пен ресми веб-сайты арқылы да жолдауға болады.


Бір айта кетерлігі, 1414 операторлары күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#1414 #Кеңес #мсқ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);