ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бүгіннен бастап қыз алып қашқандар сотталады

Бүгіннен бастап қыз алып қашқандар сотталады

Заң мен тəртіп 16.09.2025, 11:34 552
Бүгіннен бастап қыз алып қашқандар сотталады
sntat.ru сайтынан
Қазақстанда қызды тұрмысқа шығуға зорлап мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік ресми түрде енгізілді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда қызды тұрмысқа шығуға зорлап мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік ресми түрде енгізілді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, 16 қыркүйектен бастап елімізде азаматтардың құқығын қорғауды күшейтетін Қылмыстық заңнамаға өзгерістер күшіне енді. 

Негізгі өзгерістердің бірі – Қылмыстық кодекстің 125-бабындағы ескертпені алып тастау. Бұған дейін жәбірленушіні өз еркімен босатқан адам қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алатын. Енді бұл мүмкіндік жойылды: кінәлілер кейінгі әрекеттеріне қарамастан жазаланады.

Неке қиюға мәжбүрлеу туралы жаңа бап

Кодекске 125-1-бап «Неке қиюға мәжбүрлеу» енгізілді. Енді мұндай әрекет қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады. Жағдайға байланысты жаза 2000 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, бостандықты шектеу не екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтуы мүмкін.

Егер қылмыс салдарынан абайсызда ауыр зардап келсе, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер зорлықпен мәжбүрленсе, кәмелетке толмағандарға қатысты болса, топпен жасалса, қызметтік өкілеттігін немесе жәбірленушінің тәуелділігін пайдаланса, қатаңырақ шаралар қолданылады.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, әрбір мұндай жағдай – тек заңбұзушылық емес, қыз бен оның отбасы үшін ауыр сынақ. Жәбірленушілер тек физикалық және психологиялық зорлыққа емес, сонымен қатар, «отбасыңды ұятқа қалдырма» деп қысым көрсететін туыстарының сөзіне тап болады. 

Ауыр психологиялық зардаптар

Мамандардың айтуынша, мұндай оқиғалардан кейін қыздарда мазасыздық, депрессия, үрей және айналасындағыларға сенімсіздік қалыптасады.

Еске салайық, 16 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Сол түзетулердің бірі – қалыңдықты ұрлау үшін қылмыстық жаза енгізу еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.