AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Бүгіннен бастап Қазақ радиосынан «Абай жолы» роман...

Бүгіннен бастап Қазақ радиосынан «Абай жолы» роман-эпопеясының аудионұсқасы беріледі

Мәдениет 02.03.2022, 04:13 2,466
Бүгіннен бастап Қазақ радиосынан «Абай жолы» роман-эпопеясының аудионұсқасы беріледі
Сурет: 6alash.kz

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына - 125 жыл


Аудиокітап форматындағы хабар наурыз айында басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Бұл туралы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас редакторы - «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев facebook желісіндегі парақшасында жазды.


«Ұлы прозаик Мұхтар Әуезовтің дүниеге келгеніне биыл 125 жыл. Осыған орай тыңдаушыларға 2 наурыздан бастап «Абай жолы» роман-эпопеясын ұсынамыз. «Көкжиек» хабары аптасына 7 күн, сағат 21.00 де эфирге шығады. Кітапты Қазақ радиосының белгілі дикторы Аманжан Серіков дыбыстаған», - деп атап өткен радиоарна басшысы өз жазбасында.


«Абай жолы» эпопеясы Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы, қазақ халқының тұңғыш эпопеясы. Ол 1942 жыл мен 1956 жылдар аралығында жазылып, жарыққа шықты.


Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілген.


Айта кету керек, бұған дейін Қазақ радиосының эфирінен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының аудионұсқасы, сондай-ақ, Тахауи Ахтановтың «Боран», Хамза Есенжановтың «Ақжайық», жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романдары мен Президент оқуға ұсынған кітаптар тізіміндегі Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақ білек», Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді», Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ», Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты», Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» еңбектері мен Т.Әлімқұловтің әңгімелері де аудиокітап форматында әуе толқынынан берілген.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай жолы #роман-эпопея #аудиокітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);