AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгіннен бастап Алматыда тәртіпсіздік кезінде зард...

Бүгіннен бастап Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға төлемдер басталады

Әлеумет 24.01.2022, 04:28 1,155
Бүгіннен бастап Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға төлемдер басталады
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



Әңгіме мемлекеттік органдардың, ауруханалар мен БАҚ-тың зардап шеккен 603 қызметкеріне өтемақы төлемдері туралы болып отыр. Оның ішінде: 592 құқық қорғау органдарының қызметкері, төтенше жағдайлар департаментінің 1 қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 3 қызметкері, «Алматы» телеарнасының 1 қызметкері және медициналық ұйымдардың 6 қызметкері.



Ілияс Өсеровтың айтуынша, төлемдер ауыр дәрежеде зардап шеккендерге 2 млн теңге, орташа дәрежеде – 1 млн теңге, жеңіл түрде – 500 мың теңге есебінен жүргізіледі.


Сонымен қатар, ТЖ кезінде жұмылдырылған полиция департаментінің 3878 қызметкеріне, төтенше жағдайлар департаментінің 1207 қызметкеріне, қоғамдық денсаулық басқармасының 3888 қызметкеріне, құтқару қызметінің 93 қызметкеріне 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек төленеді.



«Бүгін тиісті құжаттар қазынашылыққа жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады», - деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары.



Полиция департаментіне тиісті тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін зардап шеккен автокөліктерге төлемдерді қамтамасыз ету үшін шамамен 200 млн теңге мөлшерінде бастапқы сома жіберілетін болады. Қажет болған жағдайда бұл сома көбейтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кәсіпкер #өтемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);