ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Бүгін – Түркі дүниесі ынтымақтастық күні

Бүгін – Түркі дүниесі ынтымақтастық күні

Әлем 03.10.2021, 06:02 1,736
Бүгін – Түркі дүниесі ынтымақтастық күні
Cурет: twesco.org
Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі тараптар арасындағы өзара сенім, достық пен татулықты нығайтады.

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі тараптар арасындағы өзара сенім, достық пен татулықты нығайтады.


Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы қол қойылған Нахчыван келісіміне биыл 12 жыл толып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
2009 жылдың 3 қазанында Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі дүниесін зерттейтін халықаралық ғылыми орталық құру туралы ұсыныс жасады. Бұл келісімнің қабылдануы түркі халықтарының бірлігін нығайтуды көздеген аймақтық һәм еларалық бірлестікті құруға негіз қалады.
Түркі тілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесі ТМЫК аясында жұмыс істейтін, тұрақты түрде әрекет ететін консультативтік-кеңесші институт ретінде жұмыс атқарып келеді. Бауырлас елдердің ерікті түрде құрған бірегей халықаралық ғылыми ұйымы — «Халықаралық Түркі Академиясы» 2014 жылдың 28 тамызынан бастап халықаралық мәртебеге ие болды.
Халықаралық Түркі Академиясы Түркі кеңесі, ТүркПА, ТҮРКСОЙ және ЮНЕСКО халықаралық ұйымымен, сондай-ақ Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығымен (IRCICA) де әріптестік орнатты.
Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі тараптар арасындағы өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайтуды, өңірде және тұтас әлемде бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік пен сенімді арттыруды, сондай-ақ ортақ мүдде тудыратын сыртқы саяси мәселелер бойынша, оның ішінде халықаралық ұйымдар шеңберінде және халықаралық форумдарда ортақ көзқарасты іздестіруді, түркі халықтарының ұлы мәдени-тарихи мұрасын насихаттауды көздейді.



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің екінші саммитінде: «Түркі Академиясының, Мәдени мұра қорының құрылуы біздің жастарымызды жақындастыру, ортақ мұраны зерделеу үшін тарих пен тілді бірлесіп үйренуге деген ықыласымызды білдіреді», деген болатын.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.