ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / "Бүгін тау құлап, бәйтерек сынып жатқандай". Зиялы...

"Бүгін тау құлап, бәйтерек сынып жатқандай". Зиялы қауым Асанәлі Әшімовты ақтық сапарға шығарып салды

Алматы 23.12.2025, 11:32 386
"Бүгін тау құлап, бәйтерек сынып жатқандай". Зиялы қауым Асанәлі Әшімовты ақтық сапарға шығарып салды
сурет: aqshamnews.kz/Нұрбол Ынтымақұлы
Бүгін, 23 желтоқсанда Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақ киносы мен театр өнерінің аңызы, көрнекті өнер қайраткері Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салу...

Бүгін, 23 желтоқсанда Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақ киносы мен театр өнерінің аңызы, көрнекті өнер қайраткері Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өнер иесімен қоштасуға қалың жұртшылық жиналды, олардың қатарында елге танымал тұлғалар да бар. Олар абызға айналған қазақ өнерінің қара нарының естеліктерін ауыр күрсініспен еске алып, сөз сөйледі. 

Қымбат Әбілдина:

"Тау тұлғасымен халық болатын. Сол халықтың басына қуаныш орнаса да, қайғы орнаса да, "халық кім?" дегенде досқа да, дұшпанға да, оқығанға да, оқымағанға да, қалалыққа да, далалыққа да тайсалмай көрсететін, тау қылып танытатын сирек тұлға еді. Бүгін біз сол тұлғадан айырылып тұрмыз. Жүрегім қатты ауырып тұр. "Қазақ деген кім?" деп сұрағанда, Асанәлі ағаны ұялмай, мақтанышпен көрсете алатын едік. Ол - кешегі ғасырдың да, бүгінгі ғасырдың да бет-бейнесі, беделі, бүкіл қазақтың төлқұжаты болды", - деді ол қоштасу рәсімінде. 

Сауық Жақанова:

"Қаншама ұлы тұлғаларымыз өмірден өтіп жатыр. Соның соңы болсын деп тілейік, өзгелері аман болсын. Асанәлі ағамыздың рухына иманы жолдас болсын, жатқан жері жайлы болсын. Елі аман, жұрты тыныш болсын. Асанәлі ағадай ұл-қыздар қазақтан туа берсін", - деді ол. 

Смағұл Елубай:

"Экранда ол халықтың батыр тұлғасын, асыл азаматтың бейнесін сомдады. Бүгін Асанәлі аға жасаған сол бейнелерге разы болған қазақ халқының қабырғасы қайысып отыр. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", - деді жазушы. 

Бақыт Беделхан:

"Бүгін тау құлап, бәйтерек сынып түскендей. Аспан аласарып, бүкіл қалың қазақ қайғырып, қабырғасы сөгіліп, көз жасы төгіліп отыр. Жоқтан бар жасайтын - Құдай, өлгенді тірілтетін - өнер. Сол өлген өнерді тірілтіп, өрге сүйреп, бүкіл Алаштың батасын алып, ақыры өзі абызға айналған жасқа келді. Қазақтың бүкіл өнерін, рухын, қасиетін, бар болмысын әлемге танытты. Асанәлі ағам өзі: "Ұлылардың бәрі түсіме кіреді, сағынамын. Менің бұл дүниедегі қатарым азайды, о дүниедегі достарым көп" деп жиі айтатын. Тағы бірде: "Ешкімді әуреге салмай, өзім де қиналмай, ұйықтап кетсем арманым жоқ" дейтін. Сол арманына жетті. Мұны қазақ "ақ өлім" дейді. Бүкіл қазақтың алақанында тұрып, ақ өліммен кету - үлкен бақыт шығар деп ойлаймын. Асекеңнің өмірі - өнеге, тағдыры - тағылым, ғұмыры - ғибрат болуға тиіс", - дейді ақын. 

Еске салайық, қазақ киносының корифейі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов 21 желтоқсанда 89-ға қараған шағында өмірден озды.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.