AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін тағы жеті бағытта пойыздар кешігіп жатыр

Бүгін тағы жеті бағытта пойыздар кешігіп жатыр

Әлеумет 05.01.2023, 14:01 1,053
Бүгін тағы жеті бағытта пойыздар кешігіп жатыр
Сурет: Ашық дереккөзі

Вокзалдарда пойыздардың кешігетіні хабарланып отыр. Ақпарат 1433 анықтама қызметі арқылы тәулік бойы беріледі


Елімізде қолайсыз ауа райынан бірнеше бағыттағы пойыздар уақытынан кешігіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Ұлттық тасымалдаушы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін теміржол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығына шектеу қойды», - делінген ҚТЖ хабарламасында.



Кешігіп жатқан пойыздар:


- №3/4 және № 9/10 «Астана – Алматы»;


- №45/46 «Павлодар – Түркістан»;


- №51/52 «Алматы – Орал»;


- №65/66 «Астана – Жезқазған»;


- №71/72 және № 86/85 «Астана – Шымкент»;


- №73/74 «Алматы – Жезқазған»;


- №105/106 «Алматы – Петропавл.


Пойыздардың кешігуі кеше де болған еді.


Осы орайда ұлттық компания пойыздардың қозғалыс кестесін қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.



«Вокзалдарда пойыздардың кешігетіні хабарланып отыр. Ақпарат 1433 анықтама қызметі арқылы тәулік бойы беріледі. Егер пойыз 3 сағаттан артық кешіксе, жолаушыларға SMS хабарлама жіберіледі», - делінген.



Одан бөлек, ресми ақпаратта айтылғандай, пойыз билеттерін кері қайтару жайлы мәліметті +7 (707) 270-36-64 (WhatsApp) нөмірінен білуге болады.



«Кешіккен пойыздың әр сағаты үшін билет құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төленеді. Пойыз 6 сағаттан артық кешіксе, мейрамханада тегін тамақ беріледі. Сол сияқты вокзалдардағы тамақтану орындары мен сауда нүктелерінің, санитарлық аймақтардың (әжетханалардың) үздіксіз жұмыс істеуі бақылауда», - деп хабарлады Қазақстан темір жолы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #пойыз #вокзал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);