AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Бүгін қазақтың бағына Құдай берген - Димаштың туға...

Бүгін қазақтың бағына Құдай берген - Димаштың туған күні

Мәдениет 24.05.2025, 14:16 1,097
Бүгін қазақтың бағына Құдай берген - Димаштың туған күні
Cурет: dimashnews.com

Бүгін әнші, композитор, мультиинструменталист, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің туған күні, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Талантты әнші түрлі халықаралық байқауларда үздік атанды. 2013 жылы «Мейкин Азия» І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық «Славян базары-2015» эстрадалық ән орындаушылар байқауында Гран-при жеңіп алды. 

2015 жылы Ыстанбұлда Димаш Құдайберген «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан атынан алғаш рет қатысты. Ал 2017 жылы Қытайда өткен «I’am singer» жобасында әнші дүйім жұртты тәнті етті.

Димаш Құдайберген 5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренген. Ол серб, итальян, француз, ағылшын, орыс т.б тілдерде ән орындайды.

Димаштың таң қалдырарлық ерекше дауысы бар.
Ол бір концертте фортепианоның клавиштері жоқ, 7 октаваға болатын Фа нотасын алып, күллі әлемді аузына қаратты. Мамандар  дауысты мұндай деңгейге көтеру өте қиын екенін бір-бірімен жарыса жазып, таңданысын жасырмады.  

Гиннес рекордтар кітабында ең ұзақ орындалған нота 20,2 секундқа жететін болса, Димаш жасөспірім кезінде-ақ бір нотаны 23 секундқа дейін созып орындай алған. 

Димаш 2021 жылы THE 100 MOST ATTRACTIVE ASIAN CELEBS рейтингінде топ жарып, Азияның ең сымбатты жігіті атанды.

Бүгінде өнерпаздың миллиондаған жанкүйері бар.
Димаштың 30 жасқа толуына орай, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері қазақ тілінде ән шырқаған болатын. Сол кезде  «Mahabbat Ber Magan» композициясын қазақ тілінде 21 елден келген 98 жанкүйер орындаған.

Димаш Құдайберген өзінің таудай талабы, біртуар талантымен еліміздің атын асқақтатып, әлемге танытып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, екі күннен кейін Алматыда Димаш Құдайбергеннің фан кездесуі әрі концерті өтеді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген #туған күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);