AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Бүгін қазақтың бағына біткен жарық жұлдызы - Димаш...

Бүгін қазақтың бағына біткен жарық жұлдызы - Димаш Құдайбергеннің туған күні

Тұлға 24.05.2024, 11:32 1,199 dulatbekova
Бүгін қазақтың бағына біткен жарық жұлдызы - Димаш Құдайбергеннің туған күні
Сурет: Dimashnews.com

Бүгін әнші, композитор, мультиинструменталист, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 30 жасқа толды.

Талантты әнші түрлі халықаралық байқауларда үздік атанды. 2013 жылы «Мейкин Азия» І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық «Славян базары-2015» эстрадалық ән орындаушылар байқауында Гран-при жеңіп алды. 

2015 жылы Ыстанбұлда Димаш Құдайберген «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан атынан алғаш рет қатысты. Ал 2017 жылы Қытайда өткен «I’am singer» жобасында әнші дүйім жұртты тәнті етті.

Димаш Құдайберген 5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренген. Ол серб, итальян, француз, ағылшын, орыс т.б тілдерде ән орындайды.

Димаштың таң қалдырарлық ерекше дауысы бар.
Ол бір концертте фортепианоның клавиштері жоқ, 7 октаваға болатын Фа нотасын алып, күллі әлемді аузына қаратты. Мамандар  дауысты мұндай деңгейге көтеру өте қиын екенін бір-бірімен жарыса жазып, таңданысын жасырмады.  

Гиннес рекордтар кітабында ең ұзақ орындалған нота 20,2 секундқа жететін болса, Димаш жасөспірім кезінде-ақ бір нотаны 23 секундқа дейін созып орындай алған. 

Димаш 2021 жылы THE 100 MOST ATTRACTIVE ASIAN CELEBS рейтингінде топ жарып, Азияның ең сымбатты жігіті атанды.

Бүгінде өнерпаздың миллиондаған жанкүйері бар.
Димаштың 30 жасқа толуына орай, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері қазақ тілінде ән шырқады. «Mahabbat Ber Magan» композициясын қазақ тілінде 21 елден келген 98 жанкүйер орындаған.

Димаш Құдайберген өзінің таудай талабы, біртуар талантымен еліміздің атын асқақтатып, әлемге танытып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген #әнші #30 жас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);