AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Бүгін ЖОО-ларға құжат қабылдау басталады

Бүгін ЖОО-ларға құжат қабылдау басталады

Білім және ғылым 13.07.2024, 15:10 1,422
Бүгін ЖОО-ларға құжат қабылдау басталады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Онлайн өтінім беруде не істеу керек?

Мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Конкурсқа қатысу үшін өтінішті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ, онлайн режимінде "Электрондық үкімет" порталы арқылы беруге болады", делінген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратында.

Министрліктің  мәліметінше, 2023-2024 оқу жылына жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78219 грант бөлінді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға 3903 грант бөлінді.

Сондай-ақ, халқы тығыз орналасқан, батыс және жаңадан құрылған өңірлерден жастарды оқыту үшін 5000 нысаналы грант бөлінді, оның ішінде:

Атырау облысынан келгендер үшін – 1500 грант,

Маңғыстау облысынан – 2000,

Түркістан облысынан – 600,

Абай қаласынан – 300,

Шымкент қаласынан – 300,

Жетісу қаласынан – 300,

Ұлытау қаласынан - 300 грант даярланды.

Олар мынадай бағыттарды қамтиды:

педагогикалық ғылымдар,

математика және статистика,

жаратылыстану ғылымдары,

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,

инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары.

"Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейтін болады, олар бейнебайланыс арқылы консультация береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең төменгі ұпайлар мына сілтеме бойынша қолжетімді", делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік электрондық үкімет порталында құжаттарды тапсыру кезінде пайдаланушылардың бір мезгілде жүгінуіне байланысты техникалық іркілістер байқалуы мүмкін екенін ескертеді.

"Онлайн өтінім беруде проблемалар анықталған жағдайда, 1414 Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525, Жоғары білім берудің бірыңғай платформасын техникалық қолдау орталығы 8 (7172) 47-25-25, ішкі 702, 504 және "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК call-орталығы - 8 (7172) 695069".

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жоо #құжат #онлайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);