Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін - халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күр...

Бүгін - халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

Әлеумет 09.12.2023, 07:41 1,279
Бүгін - халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
Сурет: ашық дерекөз

Бұл күн 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы ақпараттандыруды арттыру және осы құбылыспен күресу үшін халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру мақсатында белгіленді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ke сілтеме жасап.


Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі.


Сыбайлас жемқорлық - бұл өмірдің әртүрлі салаларын, соның ішінде саясатты, бизнесті, білім беру және басқа салаларды қамтитын құбылыс. Бұл қоғамның институттарға деген сеніміне, дамуға нұқсан келтіреді және теңсіздікке әкеліп соғады. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні мемлекеттерге, үкіметтерге, ұйымдар мен азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ұстанымдарын бірауыздан білдіруге және осы саладағы тәжірибе мен идеялармен алмасуға мүмкіндік береді.


2023 жылы осы зұлымдықпен күресудің тиімді және пәрменді құралы болып табылатын БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының қабылдануына 20 жыл толуы атап өтіледі. Бас Ассамблеяның қарарында көрсетілгендей, аталған халықаралық күнді белгілеудегі мақсат сыбайлас жемқорлық проблемасын, конвенцияның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы және оған қарсы күрестегі рөлін түсіндіруді тереңдету болып табылады.


Бұл күннің негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық проблемасына жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ оның алдын алу, онымен жаһандық және ұлттық деңгейде күресу жөніндегі шараларды ынталандыру болып табылады.


Ranking.kz деректеріне сүйенсек, Transparency International, яғни сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 2022 жылы Қазақстан 180 елдің ішінде 101-ші орынға ие болып, тек 36 балл жинай алды. Ал 2021 жылы бұл ретте еліміз 37 балл иеленген еді. 


Аталған рейтингте ҚР-мен қатар тұрған елдердің бірі - Танзания (38 балл) және Малави (34 балл). Индекстеуде 0-ден 100-ге дейінгі шкала аралығы қолданылады, мұнда 0 сыбайлас жемқорлықтың өте жоғары деңгейі, ал 100 өте төмен деңгейін білдіреді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жемқорлық #сыбайлас #халықаралық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.