Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін елімізде ауа райы қандай?

Бүгін елімізде ауа райы қандай?

Әлеумет 03.07.2023, 02:07 971
Бүгін елімізде ауа райы қандай?
Сурет:Оbk.kz

Қазгидромет бірнеше өңірде ауа-райына байланысты ескерту жасады.


Елдің кей аумағында жаңбыр жауады, бірқатар облыстарда күннің ыстығынан өрт қаупі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазгидромет синоптиктері 3 шілде, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.


Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста қатты жаңбыр болады.


Елдің батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.


Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, күндіз солтүстік-батыста бұршақ, дауыл, түнде және таңертең солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман болады.


Алматы, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде - аптап ыстық.


Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде және Қызылорда облысының батысында, шығысында, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.


Қызылорда облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде және Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа #ыстық #Жаңбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.