Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін ауылшаруашылығына қатысты 75 млн АҚШ доллар...

Бүгін ауылшаруашылығына қатысты 75 млн АҚШ доллар болатын жаңа шартқа қол қойылады

Әлеумет 18.07.2024, 10:42 901
Бүгін ауылшаруашылығына қатысты 75 млн АҚШ доллар болатын жаңа шартқа қол қойылады
АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қытайлық CITIC Construction және Beijing Capital Agro компанияларының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ кездесуге қазақстандық «Meat processing and Servis company», «Елімай Көкпекті», «Астана Агро Продукт» ЖШС, Agro Silk Way, «Жаке» ШҚ, «Қазақстан ет одағы» қауымдастығының өкілдері қатысты.

Қытай ауыл шаруашылығы саласындағы біздің ірі сауда серіктестеріміздің үштігіне кіреді. 2023 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы 1,3 млрд АҚШ доллары болды. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 67% -ға артық. ҚХР-ға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі 2 есе өсіп, 1 млрд АҚШ долларына жетті. Қытайға экспорттың негізгі көлемі дәнді және майлы дақылдарға, түрлі майларға тиесілі, бірақ біз мал шаруашылығы өнімдері есебінен экспорт көлемін ұлғайту үшін үлкен әлеуетті көріп отырмыз, – деді Айдарбек Сапаров.

Сонымен бірге ведомство басшысы 2024 жылдың ақпанында ҚХР Үкіметі Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінен ет өнімдерін экспорттау бойынша шектеулерді алып тастағанын еске салды.

Бұл жоғары сапалы азық-түлік өнімдерінің экспортын жаңғыртуға мүмкіндік берді. Сиыр етінің бірінші партиясы маусымда ҚХР-ға экспортталды. Бүгін 75 млн АҚШ доллары сомасына үш жаңа шартқа қол қойылады. ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында біздің министрлік пен ҚХР ГТҚ арасында ірі қара малды экспорттауға арналған ветеринарлық талаптарды келісу жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Экспортталатын өнім номенклатурасын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. АӨК өнімдерінің тағы 10 түрі әзірленеді. Біз АӨК саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және ынтымақтастыққа ашықпыз. Оның үстіне бұл бағытта оң тәжірибе бар: майлы дақылдарды қайта өңдеу, құрғақ сүт өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді. Бидайды, жүгеріні терең қайта өңдеу зауыттарын, мал шаруашылығы кешенін салу жоспарланған, – деп толықтырды Айдарбек Сапаров.

Қытайлық компаниялардың өкілдері Қазақстанмен сиыр еті мен тірі мал сатып алу тұрғысынан ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Мәселен, Beijing Capital Agro компаниясы 2030 жылға дейін етті мал шаруашылығы саласына 600 млн доллардан астам инвестиция салуға ниетті. Жоба аясында бордақылау алаңдары құрылып, 600-ден астам фермерлік шаруашылық пен жұмыс істеп тұрған бордақылау алаңдары іскерлік әріптестікке тартылады. 3500-ден астам жұмыс орны құрылады деп күтіледі.

Жиын соңында «Meat processing and Servis company», Agro Silk Way, «Астана Агро Продукт» ЖШС ҚХР компанияларымен ет экспортына, сондай-ақ тірі мал жеткізуге үш келісімшартқа қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауылшаруашылық #келісімшарт #әлеумет #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.