Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар...

Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі

Әлеумет 24.11.2024, 12:22 767
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Бұл мереке 1997 жылғы 24 қарашада Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау туралы бұйрығының шығуымен байланысты. 

Армияның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеті көбіне әскери ғылымның жай-күйіне және мұғалімдердің кәсіби деңгейіне байланысты. Бұл тұрғыда ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс мүдделерін зерттеуге, сондай-ақ ғылым мен тәжірибені біріктіруге көп көңіл бөлінеді. Жасанды интеллект технологияларын дамытуға, заманауи қару-жарақ жүйелерін, ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды және киберқауіпсіздік құралдарын жасауға баса назар аударылуда.

Жалпы, Қорғаныс министрлігінің ғылыми-білім беру қоғамдастығында 10 ғылым докторы, 70 философия докторы (PhD) және 51 ғылым кандидаты бар. Олардың күшімен 40 оқу құралы мен 22 монография жарық көрді, 590-нан аса ғылыми мақала жарияланды, оның 82-сі халықаралық басылымдарға шықты. Олардың есебінде 13 тіркелген патент және 39 зияткерлік меншік туралы куәлік бар. Гранттық қаржыландыру шеңберінде 21 ғылыми және 12 бағдарламалық-нысаналы жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. 

Қорғаныс министрлігі, ғылыми қоғамдастық білім беру мекемелеріне зерттеу ЖОО мәртебесін беру шараларын қабылдауда. Елдің жоғары әскери білім ошақтары – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты. Бұл білім ордаларында 10 ғылым докторы, 53 философия докторы (PhD) және 48 ғылым кандидаты сабақ береді. 

Әскери педагогтар оқыту әдістерін үнемі жетілдіріп отырады. Тәжірибеге үдеткіштер мен тренажерлерді қолдану енгізілуде. Нақты ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда имитациялау курсанттардың қажетті жауынгерлік және тактикалық машықтарын шыңдайды. 

Әскери білім мен ғылымның бүкіл жүйесі әскери қызметшілердің кәсіби дағдыларын, стратегиялық ойлауын және қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге бейімделу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери-ғылыми қызметкерлер #кәсіби мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Анасынан айырылып, жұмсақ ойыншық құшақтаған кішкентай маймыл өзіне дос тапты

Бүгін 15:47

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.