AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Бүгін Абай күнін мерекелеу басталады

Бүгін Абай күнін мерекелеу басталады

Өмір-өзен 08.08.2022, 07:43 2,095
Бүгін Абай күнін мерекелеу басталады
Сурет: Оrtcom.kz

Абай күні аясында алматылық «Қазақконцерт» ұйымының Семейге гастролі жоспарланған.


Он күндік шара бүгін сағат 15:00-де Абай облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында қос музейдің бірлескен «Ұлылар үндескенде» (вернисаж) көрмесімен ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


8 тамыз күні, яғни дүйсенбі күні, сағат 15:00-де Абай облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында қос музейдің бірлескен «Ұлылар үндескенде» (вернисаж) көрмесі ашылады.


9 тамыз күні сағат 10:00-де облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Барлық даналық кітапта» атты әдеби экспозициялар топтамасы өтеді. Онда «Абай әлемі» бірегей басылымдар кітапханасы», «Қазақ даласының ұлы перзенті», « Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» топтамалары ұсынылмақ.


10 тамызда сағат 11:30-да «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» гастрольдік сапары Семейде басталады. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Әуезов әлемі» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді. Сондай-ақ «Қазақконцерттің» шығармашылық ұжымы жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездеседі.


11 тамызда сағат 17:00-де Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында «Жас Абай» (авторы Т. Ибрагимов) қойылымы көрсетіледі.


12 тамызда Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Абайдың ақындық мектебі және Сапарғали Әлімбетов», «Тәңірберген Әміренов – Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы» дәрістері өтіп, «Семей десе, Абай деп қарайды адам...» атты көрме ашылады.


13 тамызда Достоевский атындағы драма театрында «Қара сөздер» поэтикалық қойылымы көрсетіледі.


14 тамызда Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында «Ұлылар үндескенде» көрмесіне экскурсия өткізіледі: сағат 12:00-де - қазақ тілінде, 14:00-де - орыс тілінде.


15 тамызда «Дариға-ай» жастар театры Мұхтар Әуезовтің «Ғажайып трагедиясы» спектаклін сахналайды.


16 тамызда Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайда Абай өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс өтеді.


Семейдегі Абай күніне арналған іс-шаралар легі 17 тамызда Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» атты концертімен аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #семей #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);