AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бұдан былай қазақстандықтар жеке куәлік үшін өздер...

Бұдан былай қазақстандықтар жеке куәлік үшін өздерін түсіріп, ұнағанын таңдай алады

Әлеумет 05.05.2022, 05:40 1,645
Бұдан былай қазақстандықтар жеке куәлік үшін өздерін түсіріп,  ұнағанын таңдай алады
Сурет: Inbusiness.kz

Жаңа қызмет түрі таяуда Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылмақ.


Ендігі уақытта қазақстандықтар терминалдың көмегімен жеке куәлік және төлқұжат фотосына өздері түсіп, ұнаған суретті таңдай алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгінде азаматтардың 80 пайызы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына 10 қызмет бойынша жиі жүгінеді. Оның бесеуі ішкі істер министрлігі саласына қатысты. Біздің мақсат – қызметтерді автоматтандыру, ал онлайн қолжетімді қызмет түрлерін одан әрі жетілдіре түсу. Жыл санап халыққа қызмет көрсету орталығына келетін клиенттердің саны азайып келеді. Халық қызметтің көбісін онлайн алып жатыр. Биылғы жылдың бірінші тоқсанын алсақ, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға азайған», - деді Сүйеніш Әбділдин орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, өткен жылы ХҚО арқылы 2,4 млн қазақстандық жеке куәлік және төлқұжат алған.



«Біздің тарапымызға халықтан жеке құжаттағы фотоның сапасына қатысты шағымдар түсіп жатады. Осы орайда біз Ішкі істер министрлігімен бірлесіп өзіне қызмет көрсету терминалын енгізіп жатырмыз. Министрлік аталған бастаманы қолдап отыр. Терминал биометриялық және интерфейс жүйесімен қамтылған. Клиент суретке өзі түсіп, қалаған фотоны таңдай алады. Одан әрі орталық қызметкеріне өтінішін береді. Қазір осы мәселеге қатысты бірлескен бұйрық шығару қаралып жатыр», - дейді ол.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жеке куәлік #сурет #Таңдау #түсіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);