ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бұдан былай мемлекеттік клиникаларда емделетін луд...

Бұдан былай мемлекеттік клиникаларда емделетін лудомандардың аты-жөні құпия сақталады

Әлеумет 08.10.2024, 08:26 1,494
Бұдан былай мемлекеттік клиникаларда емделетін лудомандардың аты-жөні құпия сақталады
Сурет: Shutterstock/FOTODOM
Тиісті кодекс қабылданды.

Тиісті кодекс қабылданды.

Қазір елімізде лудоман ретінде ресми тіркелген 13- ақ адам бар. Шын мәнінде, бұл дертпен әрбір бесінші адам ауырады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Осындай жандардың бірі 35 жастағы Қуаныш Жүнісов құмар ойынға салынып, бар мүлкінен айырылған, отбасын ойран еткен.

«Ойын өмірімнің мәніне айналды. Букмекерлік кеңсеге алғаш рет 25 жасымда бардым. Содан тоқтамай 9 жыл ойнадым. Әйел, бала-шағам теріс айналып, үйден кетіп қалды. Жаман жолда жүргенімді бәрін жоғалтқанда ғана түсіндім»,- дейді ол.

Қазір Қуаныш жеке клиникада емделіп жатыр. 9 жылда құтыла алмаған дертімнен 9 айда айығып келемін дейді.

Ал өзін Руслан деп таныстырған жігіттердің бірі небәрі 25-те. Жасөспірім кезінен бәс тіккен.

«Қазір қарыздарымды жайлап жауып жатырмын. Емделіп, 5 ай бойы толық курстан өттім. Бәрі ретімен дұрысталып келеді», - деді Руслан.

Бірақ Қуаныш пен Руслан секілді қатесін түсінгендердің бәрі бірдей ақылы көмекке жүгіне алмайды. Өйткені, жеке реабилитациялық орталықтардан ем алуға кемінде 2 миллион теңге керек.

Психолог Серікгүл Сәлидің айтуынша, емдеу курсы жалпы 8 айдан тұрады. Лудомания ауруы бұл жалмауыз ауру, бәрін жалмайды. Лудоман мен енді ауырмаймын дегенімен, ауру оны жеңеді. Біздің алдымыздан айына 100 лудоман өтсе, соның 98, 99-ы өзіне қол салу туралы ойлаған.

Тәжірибелі аддиктолог Дәурен Ассалау құмарлықтан құтылғысы келсе де, шырмауынан шыға алмайтындардың қандай күйде болатынын жақсы біледі. Лудоманиядан ұзақ жыл емделген ол қазір осы дертке шалдыққандарға тегін көмек беріп жүр.

«15 жыл бойы құмар ойын ойнадым. Бұдан мамандардың көмегімен құтылдым. Кейін өзім де психологқа оқып, тәуелділіктен арыла алмай жүргендерге қиындықтан шығу жолын көрсете бастадым», - дейді Дәурен Ассалау.

Жалпы лудоманияны мемлекеттік клиникалар да тегін емдейді. Қазір олар еліміздің барлық өңірлерінде бар. Бірақ бұларға жылына жалпы саны 20 адам ғана келеді. Ал букмекерлік кеңселердің жұмысы қызып тұр. Былтыр жылдық айналымы 1 триллион теңгеге жеткен. Биылдың өзінде 2 миллион адам онлайн ойыншы ретінде тіркелген. Соның 400 мыңы осы кеңселердің тұрақты клиентіне айналған.

Лудоманияны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының психикалық сырқаттар санатына қосқалы қашан. Ойынқұмарлық Қазақстанда да былтыр ресми түрде ауру қатарына қосылды. Бірақ дәл қазір елімізде лудоман ретінде тіркелген 13-ақ адам бар.

Демек, бұдан былай мемлекеттік клиникаларда мұндай азаматтардың аты-жөні құпия сақталады. Жақында тиісті кодекс қабылданды. Енді оны ауруханаларда іске асыру тетіктері талқыланып жатыр. Cондай-ақ, Үкімет құмар ойынмен күрестің екі жылдық жоспарын бекітті Ол үшін жыл сайын кемінде 14 мың онлайн казино мен букмекерлік сайттарды бұғаттайды. Ал лотерея ойындарын жарнамалағандар ең аз дегенде 200 мың айыппұл төлейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.