AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / БҚО-ның төрт ауданы мен Орал қаласында төтенше жағ...

БҚО-ның төрт ауданы мен Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды

Әлеумет 30.03.2024, 06:09 1,236
БҚО-ның төрт ауданы мен Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды
Сурет: Primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан қалыптасқан жағдаймен танысты. 


Жұмыс сапары барысында Батыс Қазақстан облысының Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы су басқан аумақтар әуеден бақыланып, сондай-ақ Орал қаласындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан ахуал зерделенді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Primeminister.kz сайтының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Роман Склярға жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде баяндады. Су тасқыны жағдайы мол түскен жауын-шашын салдарынан күрделеніп отыр. Төрт аудан мен облыс орталығында жергілікті масштабта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, 874 адам құтқарылды.


Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны зардаптарын жою жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан, жергілікті атқарушы органдардан, Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігінен 1168 адам тартылды. 306 бірлік техника мен 146 мотопомпа жұмылдырылды. Сонымен қатар №99250, №28237 әскери бөлімшелерінің күші мен құрал-жабдықтары және Маңғыстау облысының ТЖД тартылды. Қосымша ҰҚК Шекара қызметінің екі «МИ-8» тікұшағы жұмыс істеп жатыр. 


Өңірде арнайы құрылған комиссия табиғи апаттан келген шығынды есептеуді бастады. Роман Скляр барлық бағыт бойынша су тасқынына қарсы күресті күшейтуді және тұрғындардың қауіпсіздігін бірінші кезекте қамтамасыз етуді тапсырды. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҚО #Орал #төтенше жағдай #су тасқыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);