Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / БҚО әкімі өңір тұрғындарына үндеу жолдады

БҚО әкімі өңір тұрғындарына үндеу жолдады

Әлеумет 01.04.2024, 15:13 853
БҚО әкімі өңір тұрғындарына үндеу жолдады
Сурет: интернеттен

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір тұрғындарына су тасқынына байланысты үндеу жолдады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.





«Құрметті Батыс Қазақстандықтар! Өңірімізде су тасқынының салдарынан күрделі жағдай орын алғаны белгілі. Облысымыздың Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында су тасқыны болып, тұрғын үйлерді су басты. Осының салдарынан 4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның жартысы балалар. Тасқыннан зардап шеккендерге жедел эвакуациялық пункттер ұйымдастырылып, қажетті жағдай жасалуда.


Құрметті жерлестер! Сондай-ақ, Көршілес Ресей елінен бастау алатын 5 трансшекаралық өзендерімізде су деңгейі көтерілуде. Соның салдарынан Казталов және Жаңақала аудандарына баратын Қара және Сары өзендерде су деңгейі артуда. Қазіргі уақытта бұл өңірлерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.


Мамандардың мәліметінше, судың деңгейі облыста осыдан 30 жыл бұрын болған ең жоғары көрсеткіштен асып кетті. Орал қаласындағы Шаған және Деркөл өзені қауіпті деңгейге жетті. Сондай-ақ, Жайық өзенінде де су көлемі артуда. Соның салдарынан Орал қаласы мен Бәйтерек, Теректі аудандарын су басу қаупі сейілген жоқ», - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі.




Сондай-ақ ол Орал қаласының маңындағы Подстепное ауылында да су тасқыны болып, қазіргі уақытта суды сору, су өтетін жылғаларды кеңейту, топырақпен қоршау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.




«Құрметті жерлестер! Бүгін Мемлекет басшысына облыстағы жағдайды баяндадым. Президент өз тарапынан халыққа барынша көмек көрсетілетінін айтты. Зардап шеккендердің әрқайсысы Мемлекет тарапынан берілетін көмектен қалыс қалмайды! Құтқарушылар, төтенше жағдай мамандары, коммуналдық қызметтер, күштік құрылымдар, волентерлер және тұрғындарымыз күн демей, түн демей су тасқынымен күресуде! Мен үшін жерлестерімнің амандығы бірінші орында! Сондықтан, тасқынның алдын алуға бағытталған барлық қажетті шаралар атқарылатын болады! Осынау қиын кезеңде сабырлық сақтап, бір-бірімізге қолдау көрсетейік! Біз біргеміз!», - деді облыс әкімі.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #тасқын #төтенше жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.