AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бостандық ауданындағы су құбырында болған апат сал...

Бостандық ауданындағы су құбырында болған апат салдарын жою жұмыстары аяқталды

Әлеумет 14.01.2023, 16:17 1,350
Бостандық ауданындағы су құбырында болған апат салдарын жою жұмыстары аяқталды
Almaty-akshamy.kz

"Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының аппаттық қызметі Бостандық ауданындағы су құбырында орын алған апат салдарын жою жөніндегі жұмыстарды аяқтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Су құбырының апаттық жарылуы себебінен тоқтатылған суық сумен жабдықтау осы тәуліктің 00.00 сағатына дейін толық көлемде қалпына келтірілетін болады.


21.30-дан бастап су құбыры желілеріне су жіберу  басталады.


Бостандық және Алмалы аудандарының бір бөлігінде уақытша су сапасы төмендеуі мүмкін.


Коммуналдық кәсіпорын тұрғындардан, су толық тазарғанға дейін, кір жуғыш машиналар мен ыдыс жуғыш машиналарды уақытша пайдаланбай тұруды сұрайды. Апаттық қызметтер инженерлік желілерді жуу жұмыстарын жүргізетін болады.


Төрт метр тереңдікте апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде ұзындығы 8 м Д=600 мм құбырдың толық тозған сегменті ауыстырылды.


Жұмысқа 12 бірлік арнайы техника және "Алматы Су" МКК 31 қызметкері жұмылдырылды.


Қаланың жол қызметтері судың ағуы нәтижесінде пайда болған жолдар мен тротуарлардағы мұзды жою жұмыстарын орындады.


Мыңбаев көшесі бойымен тартылған магистральдық су құбыры 1972 жылы пайдалануға берілген және қаланың сумен жабдықтау жүйесінде 50 жылдан астам уақыт қолданылған құбырдың әбден тозығы жеткен. Алдағы жылдары осы құбырды бүкіл ұзындығы бойынша кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарлануда.


Алматы қаласының қолданыстағы инженерлік инфрақұрылымы желілері де, объектілердің жабдықтары да айтарлықтай тозған. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 3528 км құрайды, оның ішінде 1941,2 км желі ауыстыруды қажет етеді (жалпы ұзындығының 55,8%).


 «Алматы су» МКК

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #апат #жөнделді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);