Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Босқындар елімізде үш ай тұра алады

Босқындар елімізде үш ай тұра алады

Әлеумет 20.07.2022, 09:44 1,262
Босқындар елімізде үш ай тұра алады
Сурет: Trt.net.tr

Ішкі істер министрлігі көшіп келушілердің Қазақстанға келу, тұру, тіркелу, олардың республикадан шығу қағидаларына және көші-қон бақылауын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Босқын мәртебесін алған баспана сұраған иммигранттарға, сонымен қатар олардың отбасы мүшелеріне өтініші бойынша белгіленген тәртіппен ұзарту мүмкіндігімен үш айға уақытша тұруға рұқсат берілетіні туралы тармақ қосылды.



Бұған дейін құжатта пана іздеушілер мен босқындарды тіркеу мерзімдері көрсетілмей, оларға қатысты іс Қазақстанның босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілетіні айтылған.


Сонымен қатар адам саудасының құрбандары туралы тармақ қосылды. Осылайша Қазақстан аумағында адам саудасының құрбандары деп танылған және анықталған көшіп келушілерге жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша үш ай алты айға ұзарту мүмкіндігімен, бірақ одан көп емес уақытша тұруға рұқсат беру көзделіп отыр.


Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сай арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету процесі аяқталғанға дейін олар республикадан шыққан мемлекетіне (шетелдік азаматтығы бар елге) шығарып жіберуге жатпайтыны, оның барысында құқық қорғау органдарына жүгіну және олармен ынтымақтасу туралы шешім қабылданады.


Түзетулер 2 тамызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#босқындар #көші-қон #өзгерістер #толықтырулар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.