конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / «Бөрте» спектакліндегі бас киім 4 млн теңгеге саты...

«Бөрте» спектакліндегі бас киім 4 млн теңгеге сатылды

Оқиға 09.12.2022, 17:00 1,159
«Бөрте» спектакліндегі бас киім 4 млн теңгеге сатылды
Сурет: Ашық дереккөз

Сатылымнан түскен қаржы ерекеше қажеттілігі бар балалардың еміне жұмсалмақ.


«Бөрте» спектакліндегі бас киім 4 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырған ХІІІ қысқы қайырымдылық балында аукционға шығарылған жәдігерлер арасында түрлі әшкейлермен әспеттелген сәукеле де болды. Бұл бас киімді Түркістан музыкалық драма театрының алғаш шымылдығын ашқан «Бөрте» қойылымындағы кейіпкер Бөрте ханым киген болатын.


Сәукеленің алдына таза күмістен жасалған оюлар мен көздің жауын алар моншақтар тағылған. Ал, екі жағындағы қос жақтаудың жиегі алтын түстес жібек өріммен жиектелген. Қос жақтауы мен сәукеленің артқы жағында бекітілген шашқап та күміс әшекейлермен безендірілген. Сондай-ақ, көгілдір ақық, меруерт, лағыл тастардан салпыншақ сырға тәріздес етіп безендірілген.


Кешегі күні өткен аукционда бас киім 4 млн теңгеге сатылды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, сатылымнан түскен қаржы ерекеше қажеттілігі бар балалардың еміне жұмсалмақ.


Театр мамандарының сөзіне сүйенсек, Түркістан музыкалық драма театрында Бөртенің екі бас киімі бар. Соның бірі сатылымға шыққан. Ал, екіншісі театрда сақтаулы тұр. Оны келесі қойылымдарда әртістер қолданатын болады.


Айта кетейік, желтоқсан айының 23-24 күндері Түркістанда «Бөрте» спектаклі көпшілік назарына ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бөрте #Бас киім #Бәссауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);