ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / «Боран» көркем фильмі көрерменге жол тартты

«Боран» көркем фильмі көрерменге жол тартты

Мәдениет 31.08.2023, 10:39 1,069
«Боран» көркем фильмі көрерменге жол тартты
Сурет: BAQ.KZ
Алматыда «Боран» көркем фильмінің ресми көрсетілімі өтті. Фильмнің оқиғасы кеңес заманында, өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында өрбитін жас жігіттің хикаясын баяндайды, деп хабарлайды...

Алматыда «Боран» көркем фильмінің ресми көрсетілімі өтті. Фильмнің оқиғасы кеңес заманында, өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында өрбитін жас жігіттің хикаясын баяндайды, деп хабарлайды Алматыдағы Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Ақтүтек боранда жігіт шұғыл көрші ауылға аттанып, адасып кеткенде, оны қарт аңшы тауып алады. Үй иелерімен сөйлескеннен кейін жігіт Қытай шекарасынан асып кеткенін түсінеді. Кинокартинаны қаржыландырды. Фильмнің режиссері – «Оралман», «Секер» фильмдеріне режиссерлік еткен Сәбит Құрманбеков.



Бұл фильм сырттағы қандастарымыз жайлы. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы кезең бейнеленеді. Жас жігіт малшыларға жем-шөп тасып жүріп, Қытай шекарасына өтіп кетеді. Адасып, қиын жағдайға түседі. Оны шал тауып алып, басын бәйгеге тігіп, құтқарады. Себебі ол кезде шекараны басып өту қылмыс болып есептелетін еді. Бір сөзбен айтқанда, кішкентай оқиға адамгершіліктің, жақсылықтың, ерліктің шекарасы болмайтынын баяндайды. Фильм Жетісу обылысында Көксу, Текелі, Қапал маңайында түсірілген. Бұл оқиға шынайы оқиғаға негізделген. Сол кездерде газет баспаларында осы жігіттің оқиғасы жарыса жазылған. Фильмді Қытайда түсіре алмадық, пандемияға байланысты бара алмадық. Осылайша, үйлері, табиғаты ұқсас Қапал ауылында түсірдік. Менің бұл кезеңді алған себебім – сол кездің адамдарының тұрмыс-тіршілігін, адамгершілік қасиеттерін көрсеткім келді, – дейді Сәбит Құрманбеков.



«Боран» көркем фильмі көрерменге жол тартты

Киноорталықтың басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов қазақ тарихындағы адами құндылықтарға негізделген оқиғаларды баяндайтын фильмнің қазақ көрермендеріне жетуі маңызды екенін атап өтті.



Шын мәнінде, түсірілген әр фильмнің прокатқа шығуы – үлкен жеңіс. Меніңше, біздің кинематографта «жаңа артхаус киносы» пайда болып жатыр. Бүгінгі іс-шарамыз үлкен бастамалардың алды болсын, – деді Бауыржан Шөкенов.



«Боран» көркем фильмі көрерменге жол тартты

Фильмнің әлемдік премьерасы 2022 жылы XVI Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде өтті. 



Мен көптен бері Сәбит Құрманбековпен жұмыс істеуді қалап жүрген едім. Тілегім орындалды. Кастингке келгенде, өзімді жақсы көрсете алдым. Себебі театрдағы О.Бөкейдің «Қар қызы» қойылымындағы Нұржан деген басты кейіпкерді сомдайтын едім. Екеуінің образы бір болды. Дегенмен киноға түсерде қатты толқыдым. Сәбит ағайдың шеберлігінің арқасында бір апта бойымды түсірілім алаңына үйреттім. Фильм 2-3 айдың ішінде түсірілді. Қарды боранда түсірілгендіктен, сол сәтті көрерменге жеткізуге тырыстым. Фильмге сегіз адам қатысты, – дейді басты кейіпкер Мағжан Тұрыс.



«Боран» көркем фильмі көрерменге жол тартты
 Ұлттық киноны қолдау орталығы

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.