AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Боралдай тас жолында қозғалыс уақытша шектеледі

Боралдай тас жолында қозғалыс уақытша шектеледі

Әлеумет 27.10.2023, 09:40 1,424
Боралдай тас жолында қозғалыс уақытша шектеледі
almaty-akshamy.kz

Алматыда су құбыры желілерін салуды аяқтау үшін 28 қазаннан 30 қазанға дейін Боралдай тас жолында қозғалыс шектеледі


Алатау ауданында Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейін екі жаққа да көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz https://t.me/AlmatyJoly/325 сілтеме жасап.


Асфальтбетон жабынын қалпына келтіру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі. Осылайша, 3,8 км су құбыры желілерін және 4,6 км кәріз желілерін салу аяқталады. Бұл Алатау ауданының 2,5 мың тұрғынын қамтиды, олар үздіксіз орталық сумен жабдықтауға қосылады. Ал бұрын олар жеке компанияның қызметін пайдаланған.


Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз. (Автобус маршруттары №10, №124, №81).



Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, биыл 20 нысан бойынша 108,4 км су құбыры және кәріз желілерін (81,1 км су құбыры және 27,3 км кәріз) салу жоспарланған, бұл халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін 99,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.


Естеріңізге сала кетейік, желілерді салу және жаңғырту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде, себебі бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Мәселен, былтыр Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарының 18 шағын ауданы бойынша 153,9 км сумен жабдықтау және 118,3 км су бұру желілері салынды (60 мыңға жуық адам қамтылды). Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында сумен қамту желілерінің тозуы 56,2%-дан 55,8%-ға және кәріз желісінің тозуы 58%-дан 57,5%-ға дейін төмендеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Боралдай #құбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);