ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / «Болмаған балалық шақ» баршаға ой салды

«Болмаған балалық шақ» баршаға ой салды

Мәдениет 24.03.2023, 15:13 2,122
«Болмаған балалық шақ» баршаға ой салды
Сурет: ашық дереккөз
Алматыда «Болмаған балалық шақ» қойылымы көрерменге жол тартты. Спектакль Ақберен Елгезектің повесінің желісі бойынша сахналанған.


Алматыда «Болмаған балалық шақ» қойылымы көрерменге жол тартты. Спектакль Ақберен Елгезектің повесінің желісі бойынша сахналанған.




«Болмаған балалық шақ». Тағдыр тауқыметін кешкен бала жүректің балғын арманы осындай атаумен театр сахнасында көппен қауышты, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Әуел баста бір шығармаға арқау болған бозбала ғұмыр енді қойылым болып көпке жол тартты. Ауыр жолда арман қуып, жалғыздығымен арпалысқан бала көңілдің ішкі арпалысы суреттеледі. Әкеден айрылып, анадан тірідей жетімдік көрген Ақош – басты кейіпкер. Ал басты кейіпкер – басқа қойылымдағыдай көркем қиялдың туындысы емес, өмірде бар, қоғамда орны айқын ақынның өзі.



«Мен режиссерге еркіндік бердім, өзім араласқан жоқпын. Әр режиссердің көзқарасы бар. Мен өзім де толқып тұрмын. Шынын айтқандай, мұндай бестселлер болады деп ойлаған жоқпын», – деді ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек.



«Болмаған балалық шақ» кітап ретінде көпке жол тартып, қазақы бестселлерге айналған еді. Жалпы оқырман қауым үздік деп бағалаған туындыны сахналау  3 жыл бұрын жоспарланған.



«Актерлерге 3 ай бұрын рөл берілді. Содан кейін 1 ай репетиция жүрді. Басты рөлде ойнайтын актерге 6 ай бұрын айтылған», – деді қоюшы режиссер Фархад Молдағали.



Жанарға жас келтіріп, жүректі қозғай тұра, жақсы күндерден күдер үзбеуге үйреткен қойылымының премьерасына келген көрерменнің қарасы қалың. Бір адам тағдыры арқылы қоғамның бейнесін ашқан қойылымның басты жетістігі – оның шынайылығы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.