ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Болатбек Төлепбергеннің жаңа кітаптарының тұсаукес...

Болатбек Төлепбергеннің жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті

Мәдени Алматы 02.11.2024, 15:01 1,432
Болатбек Төлепбергеннің жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті
Cурет: Самат Құсайынов
Алматыда Н.Даулетова атындағы ҚР Ұлттық кітапханасының залында белгілі мәдениет қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, «Шалқар» радиосының бас редакторы Болатбек Төлепбергеннің жаңа...

Алматыда Н.Даулетова атындағы ҚР Ұлттық кітапханасының залында белгілі мәдениет қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, «Шалқар» радиосының бас редакторы Болатбек Төлепбергеннің жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, журналистер, жазушылар және оқырмандар жиналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Презентацияда Болатбек Төлепбергеннің биыл жарық көрген бес жаңа кітабы таныстырылды. Соның ішінде «Алаң жұрт» атты деректі хикаяты ерекше қызығушылық туғызды. Бұл шығармада 1970 жылдары Кеңес жүйесі тарапынан әділетсіз айыптауға ұшыраған диссидент Азамат Жакибаевтың өмірі суреттелген. Автор тарихи тақырыпты көркем тілмен жеткізе отырып, оқырманға ой саларлық тың туынды ұсынған.

Сонымен қатар, Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея – ұлттық медианың тұғыры» атты монографиясы көпшіліктің назарына ұсынылды. Бұл еңбекте қазақ ұлттық идеясының қалыптасуы мен дамуы медиа саласының негізгі тірегі ретінде талданған. Автор ұлттық сананың маңыздылығын атап өтіп, ұлттық идеяның рөлін айқындай түсуді мақсат еткен.

Тұсаукесерде көпшілік назарына ұсынылған тағы бір еңбек – «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы журналистика және баспа ісі: дәстүр мен жаңашылдық» атты конференция материалдары болды. Бұл жинақ автордың 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарын қамтыған.

Сондай-ақ, «Ұлттық медиа – ұлттық қауіпсіздік» атты публицистикалық кітап таныстырылды. Мұнда қазақ баспасөзінің Алаш кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы мен даму жолы қарастырылып, тәуелсіздік кезеңіндегі қоғамдық-саяси оқиғалардың медиаға ықпалы талданған.

Кітап көрмесінде «Болатбек Төлепберген: библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегі де оқырманға ұсынылды. Бұл жинақта автордың бүгінге дейінгі жарық көрген еңбектері хронологиялық тәртіпте жүйеленген. Көрсеткіштің алғы сөзін тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев жазып, автордың шығармашылығы мен ғылымға қосқан үлесін атап өткен.

Презентацияда Болатбек Төлепберген өзінің еңбектерінің басты мақсатын, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті қолдауға бағытталғанын атап өтті. Жиналған қауым автордың шығармашылығы мен оның мәдениетке, ұлттық санаға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.