AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашаққа» құжат тапсырудың екінші легі басталды

«Болашаққа» құжат тапсырудың екінші легі басталды

Білім және ғылым 03.04.2023, 11:48 1,356
«Болашаққа» құжат тапсырудың екінші легі басталды
Сурет: Вolashak.gov.kz

Құжат 28 сәуірге дейін eGov.kz электрон үкімет порталы арқылы онлайн қабылданады.


Қазақстанда «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында конкурсқа қатысуға өтінім қабылдаудың екінші легі басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алуға 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.


Басым мамандықтар тізіміне 262 мамандық кірді. Үміткерлер робототехника, сервистік платформаларды әзірлеу, жасыл технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау, инклюзивті білім беру және т.б. сынды еңбек нарығында өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.



«Инженерлік-техникалық және медициналық кадрларға арналған квоталар бекітілді. Енді олар алдымен мерзімі 12 айға дейінгі тілдік дайындықтан өтіп, шетелдік жоғары оқу орнына жеңілдетілген шарттармен түсе алады. Оларға шақырту тапсыру талабы қойылмайды. Бұл аталған бағыттар бойынша түсетіндер үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді. Сонымен қатар биыл үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Енді докторатураға түсетіндерді қоспағанда, кандидаттардың барлығы шет тілі бойынша сертификат тапсыруға міндетті", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.



Биылғы тағы бір жаңалық - бағдарлама аясында оқытуды қоса қаржыландыру бекітілді. Шетелдік ЖОО-ның грантын ұтып алған үміткерлердің "Болашақ" шеңберінде қосымша қаржыландыруды алуға мүмкіндігі бар. Мұндай стипендиаттар үшін еңбек өтілі 1 жылға қысқарды.


Еске сала кетейік, биыл алғашқы легінде Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен "Болашақ" стипендиясы 25 қазақстандыққа тағайындалды.


Жыл соңына дейін өтінімдерді қабылдаудың тағы екі легі өтеді: 5 маусым мен 7 шілде аралығында, сонымен қатар 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #құжат #Стипендия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);