ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақ» стипендиясының жаңа жеңілдік шарттары жа...

«Болашақ» стипендиясының жаңа жеңілдік шарттары жарияланды

Білім және ғылым 13.12.2022, 09:29 1,821
«Болашақ» стипендиясының жаңа жеңілдік шарттары жарияланды
Сурет: Elorda.info
«Болашақ» бойынша мемлекет студенттерге оқу, екі бағытқа ұшу, медициналық сақтандыру, визалық алымдар мен оқу материалдарының шығындарын өтейді.

«Болашақ» бойынша мемлекет студенттерге оқу, екі бағытқа ұшу, медициналық сақтандыру, визалық алымдар мен оқу материалдарының шығындарын өтейді.


«Болашақ» бағдарламасы үздік шетелдік жоғары оқу орындарда академиялық оқуға арналған жеңілдік санаттарының тізімін кеңейтіп отыр. 2023 жылдан бастап инженерлік-техникалық қызметкерлер мен медициналық мамандар жеңілдетілген шарттармен «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурстық іріктеуіне қатыса алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Аталған өзгертулердің арқасында қазақстандық дәрігерлер мен техникалық қызметкерлер мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өте алады», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.



Сонымен бірге жеңілдігі бар үміткерлер құжат тапсырған кезде шетелдік ЖОО-ға өз бетімен түсуге міндетті емес. Олардың стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында білім алуға ұсынылатын университеттер тізімінен оқу орнын таңдауға мүмкіндігі бар.


Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдігі бар кандидаттарды қоспағанда, үздік шетелдік ЖОО-лардан шақыруы бар үміткерлер ғана қатысады.


«Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдікпен қатысу үшін үміткер дипломының орташа балы – GPA кемінде 4.0-тен 3.0 болу тиіс. Сондай-ақ кемінде В1 деңгейдегі мемлекеттік тілден КАЗТЕСТ сертификаты және шет тілін меңгерудің орташа деңгейін растайтын құжат талап етіледі. Мәселен, ағылшын тілінде оқыған жағдайда, кемінде 9.0-дан 5.0 деңгейдегі IELTS сертификатын, қытай тілінде – кемінде 6-дан 3 деңгейдегі HSK, неміс тілінде - С1-ден B1-B2 деңгейдегі Goethe-Zertifikat және т.б. ұсыну қажет.


Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасының шарттары бойынша мемлекет студенттерге оқу, екі жаққа ұшу, медициналық сақтандыру, визалық алымдар мен оқу материалдарына шығындарды өтейді. Оған қоса ай сайын стипендия төленеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.