ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Болашақ мамандыққа бастар сенімді қадам

Болашақ мамандыққа бастар сенімді қадам

Әлеумет 27.01.2026, 18:03 235
Болашақ мамандыққа бастар сенімді қадам
сурет: автордан
Алматы сервис және технологиялар колледжінде «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында ұйымдастырылған «Мамандықтар марафоны» қалалық кәсіби бағдар беру іс-шарасы мектеп оқушылары арасында кең...

Алматы сервис және технологиялар колледжінде «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында ұйымдастырылған «Мамандықтар марафоны» қалалық кәсіби бағдар беру іс-шарасы мектеп оқушылары арасында кең ауқымда өтті. Бұл маңызды бастама Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан №37, №215, №140, №224 және өзге де жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларына болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру, еңбекке деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ жұмысшы және қызмет көрсету саласындағы мамандықтардың қоғамдағы маңызын кеңінен насихаттау. «Мамандықтар марафоны» жасөспірімдер үшін тек байқау ғана емес, өз мүмкіндіктерін танып, қабілетін сынауға арналған үлкен тәжірибе алаңына айналды. Бүгінгі таңда мамандықты дұрыс таңдау – әрбір жас үшін аса жауапты қадам. Осы орайда ұйымдастырылған марафон мектеп оқушыларына кәсіби білім беру ұйымының тыныс-тіршілігімен жақын танысып, нақты бір мамандықтың ерекшелігін тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндік берді. Колледж базасында өткен іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, болашаққа деген сенімін нығайтты.

Байқау барысында қатысушылар сән технологиясы бағыты бойынша бірнеше номинацияда өзара бақ сынады. Олар:

киім үлгісінің эскизін жасау арқылы шығармашылық ойлау қабілетін;

манекенде макеттеу тәсілі арқылы көйлек моделін дайындап, практикалық шеберлігін;

дайын бұйымды сәндік элементтермен безендіру арқылы эстетикалық талғамын көрсетті.

Әрбір жұмыс – оқушының өз қолтаңбасы мен ішкі әлемінің көрінісі болды. Уақытты тиімді пайдалану, материалды дұрыс таңдау, ұқыптылық пен жауапкершілік – байқау барысында ерекше бағаланған қасиеттердің бірі болды. Қатысушылардың жұмыстарын тәжірибелі оқытушылар мен сала мамандарынан құралған қазылар алқасы мұқият әрі әділ бағалады. Бағалау кезінде жұмыстың идеялық мазмұны, шығармашылық жаңашылдығы, орындалу техникасы мен жалпы көркемдік деңгейі басты назарға алынды. Бұл өз кезегінде оқушылардың кәсіби талаптарды ерте сезінуіне, өз еңбегіне сын көзбен қарауына мүмкіндік берді. Іс-шараның ашылу салтанатында колледж басшылығы сөз сөйлеп, мұндай байқаулардың мектеп оқушылары үшін маңызын ерекше атап өтті. Оқушыларды ерте жастан еңбекке баулу, өз қабілетін тануға жағдай жасау және мамандық таңдауда нақты бағыт беру – бүгінгі білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі екені айтылды. Сонымен қатар «Мамандықтар марафоны» жасөспірімдердің бойында тәртіп, жауапкершілік, еңбек мәдениеті секілді құндылықтарды қалыптастыратын тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде жоғары бағаланды. Мұндай бастамалар оқушыларды тек кәсіби тұрғыда емес, тұлғалық жағынан да дамытуға ықпал етеді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Алайда марафонның ең басты нәтижесі – жүлде емес, оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығының артуы, өз болашағына саналы көзқараспен қарауы болды. Алматы сервис және технологиялар колледжі осындай ауқымды әрі мазмұнды іс-шаралар арқылы мектеп пен колледж арасындағы байланысты нығайтып, кәсіби білім берудің маңызын кеңінен насихаттауды жалғастырып келеді. «Мамандықтар марафоны» – адал еңбекке, кәсіби шеберлікке және болашаққа сенімді қадам жасауға үндейтін маңызды бастамалардың бірі.

 

Алматы сервис және технологиялар колледжі

директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Әртелбек Әлішер Шоқанұлы

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.